Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Электронды үкімет порталы арқылы электронды құжаттар алу қол жетімді»

Бүгінде электронды заманда жаңа ғасырдың жаңа қазақтары ретінде жаңа жобаларға көшіп жатырған жайымыз бар. Бұрын соңды электронды түрде қолтаңба қою түгілі электронды мәтінді жазып, бір нүктеден екінші нүктеге жіберуді елестете алмайтын болсақ, бүгінде анықтаманы да, кезекті де электронды түрде үйде отырып-ақ бір уақыт ішінде шаруаңды тындырасың. Некеге де электоронды құжат арқылы тұруға болады. Бұл жұмыстардың бәріне алдымен электронды қолтаңба алу қажет. Осы және өзге де осы жобаға қатысты сауалдарымызға Мойынқұм аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының кеңесші инспекторлары жауап береді.

Порталда экономика, білім, мәдениет, еңбек, денсаулық, спорт, туризм және адам өмірі қызметінің өзге де салалары бойынша бірнеше мәтіндік бөлімде 2000 астам ақпараттық қызмет көрсетіледі. Мысалы, «Білім» бөлімінен білім заңнамасы, елдегі алдыңғы қатарлы оқу орындары, Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелерін және қазақстандық ЖОО-ның Интернет-ресурстарына арналған пайдалы сілтемелерді, білім беру бағдарламаларын және мемлекеттік органдар туралы толық ақпарат таба аласыз. Алайда портал тек ақпараттық ресурс қана емес, оның пайдаланушыларына мемлекеттік органдардың әр түрлі электрондық қызметтері ұсынылады. Қазірдің өзінде ұзақ кезекте тұрып, уақытты босқа өткізбей-ақ мемлекеттік анықтамалар алуға болады – көп нәрсені өз компьютеріңіздің алдында отырып бітіруге болады. Бүгінгі күнге дейін «электрондық үкімет» порталында әділет, білім, ішкі істер, ауыл шаруашылығы, еңбек және әлеуметтік қорғау министрліктері, сонымен қатар Жоғарғы сот пен Салық комитеті 74 интерактивтік қызмет көрсетеді. 2014 жылға қарай «электрондық үкімет» шеңберінде барлығы әлеуметтік-маңызды мемлекеттік қызметтердің жартысынан көбін виртуалды формаға ауыстыру жоспарлануда. Порталдағы электрондық қызметтерді пайдаланбас бұрын, жаңа пайдаланушы ретінде порталға тіркелу қажет: пайдаланушы келісімімен танысып, жеке сәйкестендіруші нөмірді (ЖСН) енгізіп және кілтсөзді ойлап табу қажет.«Электрондық үкімет» арқылы халыққа көрсетілетін электрондық қызметтердің тізімінде көптеген тармақтар кілттің суретімен белгіленген. Демек, бұл қызметті пайдалану үшін пайдаланушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы тиіс. Тиынның суреті бар белгі бұл қызметке ҚР Салық кодексіне сәйкес мемлекеттік баж салығын төлеу қажет екенін білдіреді.2012 жылы порталға 6 жыл толды. Осы аздаған уақыт ішінде порталдың қалыптасуы ақпараттық, интерактивтік және транзакциялық үш кезеңді басынан өткерді, порталда интерактивтік сервистер саны мен қызмет түрі өсті, онлайн төлемдер мен айыппұлдар төлеуге мүмкіндік ашылды

 

«ХҚКО»  инспекторы

Б.Наушабеков

 
0
0
494

Осы тақырып бойынша

«Электронды үкімет порталы арқылы электронды құжаттар алу қол жетімді» - Yvision.kz