Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ХҚКО арқылы көрсетілетін ақылы қызмет түрі

ХҚКО арқылы көрсетілетін ақылы мемлекеттік қызметтерге қазіргі таңда көп ие болып жатқан қызмет түрі некені тіркеу болып табылады.Қызметті төлеу үшін банктерге кезекке тұрып уақытыңызды құрдан-құр жоғалпау мақсатында мемлекет электронды түрде төлем жасауға мүмкіндік берді. Төлем жеке банкомат (VIZA ELEKTRON) карточкасы арқылы онлайн төленеді. Осыған мысалға некеге тұру үшін:

Некені тіркеуге өтініш берушіге:

Авторлану және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту.

Өтінімде ерінің/зайыбының ЖСН көрсету және неке тіркелетін АХАЖ таңдау.

Өтінімге  электронды цифрлық қолтаңба қажет.

Бұрынғы ерінің/зайыбының өтініш беруді растауын алу. Өтініш 48 сағаттан артық емес растауды күтуі мүмкін, одан кейін күшін жояды.

Некені тіркеуді растаушыға:

Авторлану және «Қызметтерді алу тарихы » тарауында қол қоюды күту сұранымын таңдау.

Өтінімді толтыру және оған ЭЦП қою (электронды цифрлық қолтаңбамен).

Егер өтінішті беруші төлемесе, қызметті төлеу қажет.

Төлем туралы толығырақ

Өтінімге ЭЦҚ қою (электронды цифрлық қолтаңбамен).

*Электрондық өтінім беру үшін екі өтініш беруші де некеге алғаш отырған болуы және балалары болмауы қажет. Екінші және одан кейінгі некені тіркеуге өтінішті портал арқылы  беру мүмкін емес.

Некені тіркеуге онлайн өтінішті некелесудің белгіленген күніне дейін 30 күнтізбелік күн бұрын беру қажет.

Төлемнің аяқталуы бойынша төлем туралы чек қалыптасатын болады. Барлық чектер жеке кабинетте «Қызметтерді төлеу тарихы» тарауында сақталады.

Айта кететін жағдай:Электронды үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметке  төленетін  сомманы  (VIZA ELEKTRON) Салық органын көрсету.

ТТК 910 көрсету – Жалпы белгіленген тәртіп.

Төлем тәсілін таңдау (кез келген банктің төлем карталары немесе «Сбербанк» АҚ ЕЮ дербес шоты арқылы).

Төлем картасының/дербес шоттың мәліметтерін енгізу (нөмірі, иесінің ТАӘ, қолданылу мерзімі және CV-код).жазу арқылы жүзеге асырылады.

 

«ХҚКО»  инспекторы

Ү.Сейділдаева

     
0
0
390

Осы тақырып бойынша

ХҚКО арқылы көрсетілетін ақылы қызмет түрі - Yvision.kz