Қазақстанның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен 12,9 млн. тонна астық бастырылды
Қазіргі уақытта республиканың сегіз облысында жаңа егін жинау жүруде. Ағымдағы жылғы 29 қыркүйектегі жағдай бойынша ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерімен 11,1 млн га жинап, 12,9 млн. тонна астық бастырылды. Орташа өнімділік гектарына 11,6 центнерді құрап отыр, бұл өткен жылғы деңгейге қарағанда бір ц/га төмен. Дәнді дақылдардың өсіп-өну кезеңіндегі қуан ауа-райы жағдайларына байланысты ең төмен өнімділік Ақтөбе (4,8 ц/га), Батыс Қазақстан (8,2 ц/га) және Жамбыл (8,6 ц/га) облыстарында белгіленді. Бүгінгі күні республикада жалпы 14,1 млн. тоннаға жуық сақтау сыйымдылықтарын құрайтын 214 АҚК жұмыс істейді. Бұдан басқа, АШТӨ-де 11,6 млн. тонна астықты сақтауға мүмкіндік беретін сақтау сыйымдылықтары бар. Осылайша, астық сақтауға арналған сыйымдылықтардың жалпы көлемі 25,7 млн. тонна құ…


