«Мұстафа Шоқай» көркем фильмі
«Мұстафа Шоқай» - ұлы адамның өмірінің барлық қиындықтарын суреттейтін фильм.
Бұл фильм авторлары мықты тұлға – Мұстафа Шоқайдың жеңіл емес тағдырын көрсетеді. Мұстафа – 20 ғасырдың бірінші жартысының ерекше саясаткері, өз халқының еркіндігін және гүденуін армандады.

Қазақ киносының дамуына үлесін қосып жүрген беделді режиссер Сатыбалды Нарымбетовтың «Мұстафа Шоқай» киносы мемлекеттік тапсырыспен түсірілген. Тарихи туынды 2008 жылдың 20 қарашасында жарыққа шықты. Фильм үш жылдай уақыт түсірілді, ал оның ұзақтығы түпнұсқада бес сағатқа жетеді.

Басты кейіпкер Мұстафа рөлін актер Әзиз Бейшеналиев сомдады. Ал оның жары Мария Горинаның бейнесін кәсіби әртіс болмаса да, қазақ өнерінде өз орны бар әнші-сазгер Карина Абдуллина жоғары деңгейде орындап шықты. Фильмдегі рөлінен кейін, Карина өз кейіпкерінің махаббатына арнап өлең мен бейнебаян шығарды.
«Мұстафа Шоқай» көркем фильмі «Хабар» телеарнасынан қазанның 5 жұлдызы 17.35-те көріңіздер.
Режиссер: Сатыбалды Нарымбетов
Рөлдерде: Әзиз Бейшеналиев, Карина Абдуллина, Наталья Аринбасарова, Игорь Гузун, Мухаммад Исо Абдулхаиров, Тоқтарбек Қамшыбай, Сергей Уфимцев, Дмитрий Скирта, Иржи Конечны, Милош Конечны, Вацлав Легнер, Антон Зорба, Лия Нэльская, Алексей Шемес, Бахытжан Альпеисов, Сергей Погосян, Ирина Капустина, Григорий Ефимов және т.б.
Елдер: Ресей, Қазақстан
Жыл: 2008
