ИНЧХОН-2014: Мамед Ибрагимов Қазақстан қоржынына 19-шы қола медальді салды
Қазақстандық палуан Мамед Ибрагимов Инчхонда өтіп жатқан Азиадада қола медальға қол жеткізді, деп хабарлады Vesti.kz.
97 келі салмақта қола медаль үшін белдескен спортшымыз қарсыласы үндістандық Сатьварт Кадьянды 3:0 есебімен ұтып, ел қоржынына 19-шы қола медальді салды.
Осымен қазақстан спортшыларының қанжығасында 9 алтын, 10 күміс бар.
Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат

