Романтикалық терроризм: Етегі қысқа қыздар
«Етегі қысқа қыздардың, балалық шағы да қысқа болады», - дейді.
Неліктен қыздар қысқа белдемше (юбка) киеді? Соның ішінде тым жақсы әдемі қыздар да бар.
Бұл тақырып кішкене ескіріп кеткенде болар, бірақ көктем мен жазда, тіпті күздің өзінде де қысқа белдемшелер киіле береді. Міне, солар туралы айтып шығайын, қыз-жігіттер!

Күндіз көшеде келе жатырмын. Былай күн жылы. Алдымнан қысқа белдемше киген бір ханым өтіп барады. Жол бойындағы орындықта (скамейка) бір қартайыңқыраған кісі отыр. Ол жаңағы ханымға ысқырып:
- Ей, сұлу қыз, қасыма отырсаңшы! – деп алақанымен орындықты қақты. Қыз да ары қарай кетті, кісі де үндемей отыра берді. Мен енді, күлкім келді, бұл кісіден ондай күтпеген едім. Мүмкін, өзге елдерде бұндай жәйттар болса, ол жақтың халқы басқаша қабылдаушы ма еді. Отыруға шақырды – отырмады, бәлкім оның талғамында емес шығар. :)

Көктем, жаз және күз – жасы не кәрісі не, бұл уақыттарда кішкене әсемдікті, албырттықты, бейтаныс адаммен ойнап күлгенді қалайды. Дәл осындай қысқа белдемше киген қыздармен «романтикалық терроризм» әр көктем, жаз және күз сайын болып тұрады. Сонымен қатар, бұл екі жақтың да көңілін көтеретін терроризм жалғыз түрі болып табылады.
Еркектер әйелдердің сұлулығының арқасында әлі күнге шейін өліп кетпей, тірі жүр. Қазақтың сұлу қыздары бұны түсініп, таңқаларлық әрі маңызды шаруаны – жігіттердің кеуіп қалмауын, солып қалмауын қадағалап, күнделікті өмірдегі қиыншылықтардан түңілдірмеу шарасын атқаруда.
Жігіттердің көптен күткен маусымы ашық деп жарияланатын көктем мезгілі келе сала, қыздар да құлпырады. Ханшайымдардың үстіндегі киімдер екі есе, жаз келе үш есе қысқарады. Сәуірдің алдамшы ауа райының арқасында қаламыз әп-сәтте «эротикалық журналға» айналып шыға келеді. Эһһһ, біздің қаракөз қыздарымыз не кимейді десеңші. Жалғыз қысқа белдемше емес, тырыстырып киіп алған колготкилері де (немесе шұлықдамбал) көзге бірден түседі. Ол киімнің кішкентай нүктелері, артында қара сызығы, тесіктері бар.

Бірде әйелі күйеуінен:
- Көшедегі қыздардың аяғына қарайсың ба?
- Әрине, қараймын!
- Неее?
- Енді, қызық емес пе!
- Неее????
- Енді, жұмыстағы қыздар олай жүрмейді ғой, сенде…
Көктем және жеңіл жалаңаштану – заманауи өмірдің өзгермес бір атрибуты болып табылады. Ілмейген аяқтарымен жылтаңдау қыздарға жарасады. Қазан айынан бастап, сәуірге дейін қысқы киімдерден зерігесің, ал жыли бастағанда ішіміздегі денеміз өзінен-өзі сыртқа шығуға талпынады. Әйедер еркектердің назарына мұқтаж шығар, бірақ бұл киім-киіс мүлде керісінше болуы мүмкін. Барлығын бірдей өздері үшін жасай бермейді. Әйелдер еркектердің көңілін табуды ұнатады, әрі одан ләззат алады-мыс. Қысқа белдемше мен сымбатты аяқтар – бұл бағалы әрі құндылыққа толы адам эмоциясының өзара тиімді алмасуы болып табылады.

«Қысқа белдемше кигенде айнала өзгереді, сенде өзгересің» дейді бір таныс қыз. Жігіттер оларға жәй өткінші адамға қарағандай емес, кездейсоқ қарай қалып, оның киімін бағалап, қызығушылықпен және құмарлықпен көз салады. Бірақ, көбісі таныспайды, жәй күліп, асфалтқа төсіліп қарап қала береді. Әйелдер тек еркектерге жағуды ғана ойлайды ғой.
Әркімнің ойы өз ішінде. Менің ойымша, қыздар бұларды жігіттерді сүйсіндіру мақсатында жасайды деймін. Бәлкім, қысқа киімдер киіп алып, автобуста не көшеде біреуді сындырып алу үшін жүретін шығар. Әлде, бәрі сондай ма?
Негізінде, жігіттер аяқ пен белге құр қарай салғаннан гөрі, Мұқағали ағамыз секілді қиялға батуды ұнатады. Осы шындық па, әлде басқа ойларыңыз бар ма?

