Мазмұнға өту

Жаңа

Қарағанды облыстық соттарында бірқатар кадрлық өзгерістер орын алды

Қазақстан Республикасы Президентінің  республика соттарының төрағаларын, сот алқасы төрағаларын және судьяларды лауазымға тағайындау және лауазымнан босату туралы 2014 жылдың 29 қыркүйегіндегі Жарлығына сәйкес, Қарағанды облыстық сотының төрағасы Серікбаев Ермек Қуандықұлы отставкаға шығуына байланысты атқарып отырған лауазымынан босатылды.

http://sud.gov.kz/kaz/news/karagandy-oblystyk-sottarynda-birkatar-kadrlyk-ozgerister-oryn-aldy

0
0
301

Қылмыстық заңнамадағы жаңашылдықтар талқыланды

Павлодар облыстық сотында «Жаңа қылмыстық, қылмыстық қылмыстық-атқару кодекстеріндегі негізгі новеллалар» тақырыбында облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары, прокуратура, ішкі істер органдары, қылмыстық-атқару жүйесі, адвокаттар алқасы өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

http://sud.gov.kz/kaz/news/kylmystyk-zannamadagy-zhanashyldyktar-talkylandy


0
0
273

Баспасөз хабарламасы

Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы инспекторларымен 2014 жылдың 25 қыркүйегінде рейд барысында Балқаш көлінде Балатопар кентінің Алматы облысының тұрғыны ұстап алды. Ол заңсыз су тышқанын аулауған.

Осының нәтіжесінде 92 данасу тышқаны, 37 қақпан және байдарка қайығы алынды. Келтірілген зиянның соммасы – 851 920 теңгені құрады.

Осы құқықбұзушылық бойынша жиналған материалдар Алматы облысы Балхаш ауданының ІІБ процессуалдық шешім қабылдау үшін жолданды.

 

ҚР АШМ баспасөз қызметі

+7 (7172) 55-57-65

E: [email protected]

W: www.minagri.gov.kz

   

http://mgov.kz/kz/zhitelya-balhashskogo-rajona-zaderzhali-s-krupny-m-ulovom-ondatry/

0
0
470

Конкурс «Қазақша сөйлейік!» среди работников АО «НК „ҚТЖ“

Меня пригласили в жюри на конкурс «Қазақша сөйлейік!» среди работников АО «НК «ҚТЖ». Выкладываю информацию по данному конкурсу. Большую часть роликов я уже просмотрел. Есть очень достойные работы и конкурсанты дают реальные рекомендации по развитию государственного языка. Жюри с нетерпением ждет остальных роликов и предложений по развитию государственного языка конкурсантов. Концепция конкурса: Настоящая Концепция определяет цели и задачи конкурса «Қазақша сөйлейік!» (далее – Конкурс), организаторов и комиссии, порядок проведения, ожидаемый результат, подведение итогов и награждение участников. Цель конкурса: реализация Указа Президента Республики Казахстан от 29 июня 2011 года №110 «О Государственной программе развития и функционирования языков в Республике Казахстан на 2011-2020 годы»,…

-9
0
837

ҚазҰУ-да«Тіл – білім, тәрбие тұғыры» атты жыр мүшәйрасы өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің тіл білімі кафедрасының ұйымдастыруымен 22-қыркүйек Тілдер мерекесіне орай «Тіл – білім, тәрбие тұғыры» атты 1-курстар арасында жыр мүшәйрасы өтті. Айта кетейік, бұл іс-шара факультетте әр жыл сайын ұйымдастырылып тұрады. Биылғы кеште факультет деканы Өмірхан Әбдиманұлы алғысөзінде мемлекеттік тілдің болашағын көркейту туралы жақсы ойлар айтты. Тәуелсіздігіміздің таңы атқалы қазақ тілінің өркендеп, өсіп келе жатқаны баршаға мәлім. Бұл үдерістерді жылдамдата түсуге ақындардың, әсіресе жас ақындардың үлесі мол екені анық. Дәл осы себепті жыл сайын дәстүрге айналған жыр мүшәйрасы – қазақ тілі үшін қызмет етіп жүрген жас ақындарды марапаттаудың, құрметтеудің бір жолы. Мұндай іс-шаралардан ақынд…

0
0
759

ИНЧХОН-2014: Б.Жақыпов жартылай финалға жолдама алды

Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан 17-ші Азия ойындарында Қазақстан боксшысы Біржан Жақыпов жартылай финалға шықты. Бұл туралы ҚР Бокс федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады.

49 келі салмақ санатында Қазақ елінің намысын қорғаған Біржан ширек финалда малайзиялық Моххамад Мохдадан 3:0 есебімен басым түсті.

Есте болса, қазақстандық боксшы Гуанчжоу қаласында өткен Азияда ойындарында күміс медаль  жеңіп алған болатын. Бұл жолы да Біржан  кемінде қола медальмен қанжығасын майлап отыр.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
173

Н. Тiнәлиев Қазақстан қоржынына 19-шы алтын медальді салды

Грек-рим күресiнен Қазақстан құрамасының белдi балуаны Нұрмахан Тiнәлиев Инчхондағы Азия Ойындарында 130 келi салмақта алтын медаль еншiледi.

Финалда кәрiс палуаны Ким Йонгминмен кездескен ол қарсыласын 5:0 есебiмен тiзе бүктiрдi. Бұның алдында жартылай финалда Н. Тiнәлиев қырғыз спортшысы Мұрат Рахмоновты, ширек сында ирандық Башер Дарзи Бабажанзаденi, алғашқы белдесуде өзбек палуаны Аброрбек Мамасолиевтi айқын басымдылықпен ұтып шыққан болатын.

Осылайша Азиадада Қазақстан еншiсiнде 19 алтын, 17 күмiс, 28 қола жүлде бар.

Басты сөздер: Спорт
ИНЧХОН. ҚазАқпарат
0
0
223

Инчхон-2014: Ольга Рыпакова Қазақстан еншiсiне 20-шы алтын медальді жеңiп алды

Лондон Олимпиадасының чемпионы, жеңiл атлет Ольга Рыпакова Инчхондағы Азия Ойындарында үш қарғып секiруден алтын медаль қоржынға салды.

Осы сында тағы бiр қазақстандық спортшы Ирина Эктова үшiншi орынға қол жеткiздi.

14 метр 32 сантимерге секiрген жерлесiмiздiң көрсеткiшiн қарсыластары аса алмады. Бұл Ольга Рыпакованың Азия Ойындарындағы екiншi алтыны. Алғашқы алтын медальды ол төрт жыл бұрын Гуанчжоуда алғаны есiмiзде.

Басты сөздер: Спорт
ИНЧХОН. ҚазАқпарат
0
0
256

2022 жылғы қысқы Олимпиада өткізуге үміткерлер тізімінде тек Алматы мен Бейжің ғана қалды

Норвегия Ослода 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге берген өтінішін қайтып алды, деп хабарлайды Р-Спорт. Бұған үкіметтің тиісті қаржылық кепілдеме беруге дайын еместігі себеп болып отыр. Ослоның қаржылық қолдау көрсету жөніндегі өтінішіне сәрсенбі күні Норвегияның консервативтік партиясы қарсы дауыс берді. Халықаралық Олимпиадалық комитет (ХОК) шілде айында Осло, Алматы (Қазақстан) және Бейжіңді (Қытай) 2022 жылғы Олимпиаданы өткізуге үміткер етіп бекіткен еді. Бұдан бұрын Стокгольм (Швеция), Краков (Польша) және Львов (Украина) Ойындарды өткізуден бас тартқан болатын. Еске сала кетсек, Олимпиада астанасы 2015 жылғы жазда Малайзияда белгілі болады. 2014 жылғы қысқы Олимпиада ойындары Сочиде өтсе, 2018 жылғы астанасы октүстіккореялық Пхенчхан болып отыр. Басты сөздер: Спорт , Оли…

0
0
1160