Н. Тiнәлиев Қазақстан қоржынына 19-шы алтын медальді салды
Грек-рим күресiнен Қазақстан құрамасының белдi балуаны Нұрмахан Тiнәлиев Инчхондағы Азия Ойындарында 130 келi салмақта алтын медаль еншiледi.
Финалда кәрiс палуаны Ким Йонгминмен кездескен ол қарсыласын 5:0 есебiмен тiзе бүктiрдi. Бұның алдында жартылай финалда Н. Тiнәлиев қырғыз спортшысы Мұрат Рахмоновты, ширек сында ирандық Башер Дарзи Бабажанзаденi, алғашқы белдесуде өзбек палуаны Аброрбек Мамасолиевтi айқын басымдылықпен ұтып шыққан болатын.
Осылайша Азиадада Қазақстан еншiсiнде 19 алтын, 17 күмiс, 28 қола жүлде бар.
Автор: Жасұлан Жолдыбаев
Басты сөздер: Спорт
ИНЧХОН. ҚазАқпарат

