Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Инчхон-2014: Ольга Рыпакова Қазақстан еншiсiне 20-шы алтын медальді жеңiп алды

Лондон Олимпиадасының чемпионы, жеңiл атлет Ольга Рыпакова Инчхондағы Азия Ойындарында үш қарғып секiруден алтын медаль қоржынға салды.

Осы сында тағы бiр қазақстандық спортшы Ирина Эктова үшiншi орынға қол жеткiздi.

14 метр 32 сантимерге секiрген жерлесiмiздiң көрсеткiшiн қарсыластары аса алмады. Бұл Ольга Рыпакованың Азия Ойындарындағы екiншi алтыны. Алғашқы алтын медальды ол төрт жыл бұрын Гуанчжоуда алғаны есiмiзде.

Басты сөздер: Спорт
ИНЧХОН. ҚазАқпарат
 
0
0
242

Осы тақырып бойынша

Инчхон-2014: Ольга Рыпакова Қазақстан еншiсiне 20-шы алтын медальді жеңiп алды - Yvision.kz