Мазмұнға өту

Жаңа

О. Шишигина: 2022 жылғы Олимпиаданың ең қымбат жобасы — шана-бобслей трассасы

2022 жылғы Қысқы Олимпиада Қазақстан үшін алдындағы Ресейде өткен ойындардан арзанырақ түседі. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз конференциясында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, олимпиада чемпионы Ольга Шишигина хабарлады. «Қысқы Олимпиадаға бірнеше спорт объектісі ғана салынады. Ең қымбаты - шана-бобслей трассасы болмақ. Көптеген маңызды спорттық құрылымдар 2017 жылы Универсиадаға дейін салынады. Ол мұз айдындары, олимпиадалық ауыл», — деді О. Шишигина. Оның сөзіне қарағанда, барлық спорт нысандары халықаралық стандартқа сай салынады. Еске сала кетейік, 2 қазанда Норвегия 2022 жылы Ослода қысқы Олимпиада ойындарында өткізуден бас тартқаны белгілі болды. Осылайша 2022 жылғы Олимпиаданы ұйымдастыруда Алматының жалғыз бәсекелесі Бейжің ғана қалды. Басты сөздер: Спорт , Олимпиада…

0
0
302

ИНЧХОН 2014: Қазақстандық жеті боксшы — финалда

Оңтүстік Кореядағы Инчхонда өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстанның жеті боксшысы финалға шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ақтық бәсекеге Біржан Жақыпов (49 келі), Илияс Сүлейменов (52 келі), Данияр Елеусінов (69 келі), Жәнібек Әлімханұлы (75 келі), Әділбек Ниязымбетов (81 келі),  Антон Финчук (91 келі) және Иван Дычко (91 келіден жоғары) шықты.

Ақтық сайыстар 3 қазанда өтеді.

   
Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
207

ИНЧХОН-2014: Қазақстан қоржынына 21-ші алтын салынды

Каратэден 55 келіде Андрей Ақтау Азия ойындарының чемпионы атанды. Бұл туралы «Аламан» ұлттық спорт порталы хабарлайды.

Андрей Ақтау 1/8 финалда Теодоро Сатурмино Колиды (Шығыс Тимор) 8:0, ширек финалда брунейлік Фидаи Саниф Мұхамадты 6:2 есебімен жеңді.

Ал жартылай финалда ол қытайлық Жингчао Санды 7:0 есебімен ұтып, финалда Абдулу Имубарак Әлхарбиден (Сауд Арабиясы) басымдылығын байқатты.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
247

Футзалдан Әлем суперкубогы: «қайраттықтар» таиландық клубты ойсырата жеңіп, финалға шықты

Алматыда футзалдан Әлемнің суперкубогының алғашқы ойындары өтті. Алматының «Қайрат» клубы Таиландтың «Чонбури» клубын қабылдап, 6:2 есебімен ойсырата жеңді. Бұл туралы «Қайрат» шағын футбол клубының баспасөз қызметінен хабарлады. Алғашқы таймда «қайраттықтар» бірден белсенді шабуылға көшті. Сол-ақ екен, ойынның тоғызыншы минутында Игорьдің «тоғыздыққа» тепкен добы торда тулады. Есеп 1:0. Көп ұзамай таиландық клуб есепті теңестірп кетті. Алайда «қайраттықтар» алғашқы таймның соңында бір доп соғып, тағы да алға шықты. Отандастарымыз Азия чемпиондарынан тактикалық жағынан да, техникалық жағынан басым түсіп жатты. Екінші таймда ойын сипаты өзгерген жоқ. Алматылық клуб қарсыластарды қысымға алып, шабуылдаумен болды. Көп ұзамай Кальоның шірене тепкен добы маңдайшаның астымен қақпаға еніп кетті.…

0
0
258

ИНЧХОН-2014: Жәнібек Әлімханұлы Азиаданың финалына өтті

Жәнібек Әлімханұлы Азиаданың финалына өтті.

Инчхондағы Азиадада 75 келі салмақ дәрежесінде жартылай финалда Жәнібек Әлімханұлы (75 кг) өз мүмкіндігін көрсетті. Ол Үндістандық Кристиан Викаштан басым түсіп, — 2:1 (28:29, 29:28, 30:27) есебімен жеңіске жетті.

Осыған дейін ақтық сынға Ілияс Сүлейменов (52 кг), Данияр Елеусінов (69 кг), Әділбек Ниязымбетов (81 кг), Иван Дычко (+91 кг) және Біржан Жақыпов (46-49 кг) жолдама алған болатын, деп жазады sports.kz.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
180

Қызылордалық полицейлер өнерден құр алақан еместіктерін тағы бір дәлелдеді

Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру үшін және Ішкі істер министрлігінің идеологиялық және тәрбие жұмысының 2014 жылға арналған жоспарын орындау мақсатында Алматы қаласында «Біз мәңгілік ел боламыз!» атты патриоттық әндер байқауы өткізілді. Республикалық конкурсқа Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы және Астана қаласынан барлығы 86 полиция қызметкерлері қатысып, бақтарын сынады. Байқаудың басты мақсаты – ішкі істер органдары қызметкерлерінің қоғамдағы оң имиджін нығайту, беделін арттырып, Отанға, тілге, өз елінің тарихына деген патриоттық рухын көтеру болып табылады. Байқау қорытындысы бойынша Қызылорда ОІІД-нің…

1
0
357

«Бенефис шоуда» Қайрат Нұртас

Айтпақшы, «Бенефис-шоу» қызық боп жатыр ма? Ертеңгісі өткен жолғыдан да қызық болады. Өйткені, әндері де, анасы екеуінің өздері де хитқа айналған Қайрат Нұртас қонақта.


Әлден қызықтыра түсейінші... 10 жасар Қайрат неге махаббат туралы жырлауға асықты? «Бенефис-шоу» сыйлаған самолет мына студияға қалай сыйды деп ойлайсыз? Қайрат әлдеқашан қолына тиген өз мүсінін қай жерге орнатар екен? Қайратты Қайрат Нұртас қылған «Арман» әніне қатысты әншінің туған әкесімен арадағы келісім-шарт қандай еді?

Оқушы Қайраттың телеарнаға берген ең алғашқы кәсіби сұхбатын көріп пе едіңіз? Көрмесеңіз - ертен оны жібермеуге асығыңыз.

Ендеше сенбі, кешкі 19.50-де «Бенефис-шоуды» жіберіп алмаңыз.

1
0
457

Қарағанды облысының ішкі істер департаментіне қарасты Теміртау қалалық ішкі істер басқармасының жол-патрульдік полиция батальонының қызметкерлері тілсіз жаудан жеті адамның өмірін құтқарып қалды.

Қарағанды облысының ішкі істер департаментіне қарасты Теміртау қалалық ішкі істер басқармасының жол-патрульдік полиция батальонының қызметкерлері тілсіз жаудан жеті адамның өмірін құтқарып қалды. Қыркүйек айының соңғы күндері Теміртау қаласының түнгі патрульдік қызметке шыққан №471 экипаж құрамы сержант Сенбековжәне Аманжолов, полиция старшинасы Абдрахманов қала көшесінде орналасқан жер үйлердің бірінің өрт құшағына оранғанын байқайды. Үй ішіндегі адамдардың өмірін тілсіз жаудан құтқарып қалу мақсатында дереу іске кіріскен полицейлер өртеніп жатқан үйге қарай жүгіреді. Үйді айналып қарап шығып, сыртқы терезені сындырып ішке кірген сақшылар ұйықтап жатқан үй иелерін оятпақ болған. Бірақ та, түтін исінен естерін жия алмаған үй тұрғындарын полицейлер сыртқа сүйреп шығарады. Дәл осы сәтте өрт…

0
0
960

В программе «Саламатты Қазақстан» предусмотрят соцстрахование

Концептуальные подходы новой госпрограммы «Саламатты Қазақстан» будут предусматривать механизмы для внедрения социального страхования с учетом готовности существующей бюджетной модели. Об этом заявила заместитель Премьер-министра Гульшара Абдыкаликова на встрече с активом здравоохранения Костанайской области. - Сегодня перед системой здравоохранения стоят три вызова: демографический рост, рост инфекционных заболеваний, развитие новых технологий. Эти три фактора имеют прямое влияние на достижение или недостижение показателей здоровья населения, - сказала Абдыкаликова. При этом по ее словам Костанайская область демонстрирует неплохие показатели. - Однако сохраняются высокие показатели заболеваемости болезнями системы кровообращения, злокачественными новообразованиями, рост смертности от бол…

0
0
195

Жекешелендірудің кешенді жоспарын іске асыру барысын талдау

Сату кестесіне сәйкес маусым-қыркүйек айларында 105 объектіні жекешелендіру жоспарланған. Ағымдағы жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша 94 объекті сатуға қойылды, оның 49 объектісі сатылды, оның ішінде республикалық меншіктегі 2 объекті, коммуналдық, ӘКК-ні қоса алғанда – 39 және Холдингтердің 8 объектісі сатылды. Республикалық меншік бойынша Сату кестесімен маусым-қыркүйек айларында 8 объектіні сату жоспарланған, нақты 10 объектіге (қосымша 2 объекті қойылды) сату жарияланды, олардың ішінен 2 объекті сатылды, сауда-саттықтарға қатысуға өтінімдердің болмауына байланысты, 6 объекті бойынша сауда-саттық болған жоқ; 1 объекті сауда-саттықтан алынып тасталды, 1 объекті бойынша басымды сатып алу құқығына сәйкес сатып алу-сату шарты жасалатын болады. Коммуналдық меншік бойынша Маусым-қыркүйек а…

0
0
1347