ҚазҰУ-да«Тіл – білім, тәрбие тұғыры» атты жыр мүшәйрасы өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің тіл білімі кафедрасының ұйымдастыруымен 22-қыркүйек Тілдер мерекесіне орай «Тіл – білім, тәрбие тұғыры» атты 1-курстар арасында жыр мүшәйрасы өтті. Айта кетейік, бұл іс-шара факультетте әр жыл сайын ұйымдастырылып тұрады. Биылғы кеште факультет деканы Өмірхан Әбдиманұлы алғысөзінде мемлекеттік тілдің болашағын көркейту туралы жақсы ойлар айтты. Тәуелсіздігіміздің таңы атқалы қазақ тілінің өркендеп, өсіп келе жатқаны баршаға мәлім. Бұл үдерістерді жылдамдата түсуге ақындардың, әсіресе жас ақындардың үлесі мол екені анық. Дәл осы себепті жыл сайын дәстүрге айналған жыр мүшәйрасы – қазақ тілі үшін қызмет етіп жүрген жас ақындарды марапаттаудың, құрметтеудің бір жолы. Мұндай іс-шаралардан ақындарымыз серпіліп қалатынын ұйымдастырушылар айтып өткен болатын. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)
