Мазмұнға өту

Жаңа

Қайран қазақ

Біз осы кімге еліктеп жүрміз бауырлар еркекпен еркектің некелесуін заңдастырып қойған Европа, Америкағама? Сонда даму деген осыншама жеркенішті нарселердің қалапты жағдайға айналуыма? Дәл сондай болса мен Қазақстанның дамыған күнін көргім келмейді...

0
0
234

Туберкулезбен сырқаттанушылықты төмендету жөніндегі республикалық штабтың кеңейтілген отырысы болып өтті

Жиынға мүдделі мемлекеттік органдар мен ведомстволардың өкілдері қатысты. Штаб отырысында Туберкулез проблемалары ұлттық орталығының директоры Т.Әбілдаев, ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары А.Базылбеков, сондай-ақ денсаулық сақтау басқармаларының жетекшілері баяндама жасады. Салидат Қайырбекова Қазақстан ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексінде ұстанымын жақсартқанымен, туберкулездің дәріге төзімді түрімен сырқаттанушылық көлемінің артуы, сондай-ақ, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі туберкулезге шалдыққан науқастарға көрсетілетін көмек жайы мамандарды алаңдатып отырғанын алға тартты. Оған қоса, жиынға қатысушылар жергілікті атқарушы орган өкілдерінің назарын: жылдам диагностикалау қондырғыларымен жабдықтау, науқастарды әлеуметтік қолдау, туберкулезге қар…

0
0
294

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде Словак Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Юза Петер мырзамен кездесу өтті

Өз елін ұсына отырып, Елші қазіргі кезде Словакияның 5,5 миллион азаматының ішінде 12% жұмыссыздар болып табылатыны айтты. Словакияда көршілес Еуропа Одағы елдеріне еңбек миграциясының деңгейі едәуір жоғары. Өмір сүру деңгейінің (зейнетақының орташа көлемі 399 еуроны құрайды) және халықтың өмір сүру ұзақтығының жоғарылауына байланысты зейнеткерлік жасының 67 дейін ұзарту жоспарланып отыр. Мемлекетте міндетті зейнеткерлік жинақтау жүйесі, сонымен қатар медициналық сақтандыру жүйесі жұмыс істейді. Министр Т. Дүйсенова Словакиямен Қазақстанның зейнетақы жүйесінің ұқсастығын атап өтіп, Елшіге Қазақстанда (2017 жылдан) міндетті медициналық сақтандыруды және зейнетақы жүйесіндегі реформалардың, оның ішінде шартты – жинақтаушы компонентін (2018 жылдан жұмыс беруші 5% жарна) енгізілу жоспарланған…

0
0
323

Халықаралық қарттар күніне арналған брифинг өтті

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице – министрі Светлана Жақыпованың, ҚР ДСӘДМ әлеуметтік көмек департаментінің директоры Арман Омірбаевтың және «Ардагер» қоғамдық одақтастықтың президенті Баян Ахметжанованың қатысуымен бүгін Орталық коммуникациясы кызметінде халықаралық қарттар күніне арналған брифинг өтті. БҰҰ Бас ассамблеясымен 1990 жылдың 14 желтоқсанында Халықаралық қарттар күні жария етілді. Әлемде айсайын 60 жас жастық шегіне миллиондаған адам жетеді екен. БҰҰ болжауы бойынша, 2025 жылда осы жастағы және ұлғайған адамдар саны 1,1 миллиардтан асады екен. Біздің республикада әр он адам қарттық жасқа жеткен – Қазақстанда 1,7 млн. қарт адам тұрады. 2014 жылы зейнеткерлік және әлеуметтік төлемақыларға 1,2 трлн. теңге қарастырылған. Қазақстанда қарт жасындағыларды әлеуметтік қам…

0
0
433

«Саламатты Қазақстан» бағдарламасын іске асыру

Әрбiр адамның денсаулығы оның толыққанды тiршiлiк етуiн ғана емес, сонымен қатар оның мүмкiндiктерiнiң әлеуетiн анықтайтын факторға айналып отыр. Халық денсаулығы жағдайының деңгейi өз кезегiнде, елдiң әлеуметтiк-экономикалық, мәдени және индустриялық даму шамасын айқындайды. Медициналық көмек көрсетудiң қолжетiмдiлiгiн, уақтылылығын, сапасы мен сабақтастығын қамтамасыз етуге қызмет ететiн бiрыңғай дамыған, әлеуметтiк бағдарланған жүйенi бiлдiретiн денсаулық сақтау саласы халық әл-ауқатының орнықты және тұрақты өсуi тұрғысынан алғанда республикадағы негiзгi басымдықтардың бiрi болып табылады. Президент Н.Ә.Назарбаев «Жаңа әлемдегi жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында елiмiздiң дамуының жаңа кезеңiндегi мемлекеттiк саясаттың бiр бағыты медициналық қызмет көрсету сапасын жақсар…

0
0
2220

Ұлытау— тарих куәгері. Теректі Әулие петроглифтері

Ұлытау өңірінен жасалатын келесі эксклюзивті фоторепортажымыз Теректі Әулие петроглифтеріне арналады. Орталық Қазақстандағы тасқа бейнелеу өнерінің көне ескерткіші. Теректі әулие — Жезқазған қаласынан 85 шақырым жерде, Теректі станциясынан солтүстік-шығыста 20 шақырым жерде орналасқан. Теректі әулие — тарихи өткеннің өзіндік ерекшелігі бар ескерткіш. Мұнда ежелгі адамдар өмірінің көптеген аспектілерін (материалдық, рухани, әлеуметтік) қайта елестетуге мүмкіндік беретін, маңызды деректер көзі болып табылатын тасқа қашалған бейнелер орналасқан. Бұл бейнелер аласа ғана қызыл қоңыр бес-алты төбешіктерде қоныс тепкен. XX ғасырдың 40-шы жылдары Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының жетекшісі академик Ә.X.Марғұлан осы ескерткішке алғаш назар аударып, қыскаша сипаттама береді. Теректі ә…

1
0
5515

Білім беру туралы құжаттарды тану және нострификациялау мемлекеттік қызметі

Қазақстан Республикасында құрылған халықаралық немесе шетелдiк оқу орындарында білім алған тұлғалардың негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм, магистратура, клиникалық ординатура, резидентура, адъюнктура туралы құжаттарын тану және нострификациялау тәртібін айқындайды. Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттары бар жеке тұлғаларға өтініш сондай-ақ сенімхат негізінде алушының мүддесін білдіретін тұлғаларға көрсетіледі. Білім туралы құжаттарды шетелдік білім беру ұйымдарында, сондай-ақ, Қазақстан Республикасында құрылған және жұмыс істеп жатқан халықаралық және шетелдік оқу орындарында олардың филиалдарында алған тұлғалар берілген білімнің деңге…

0
0
301

«Жекпе-жек»: білім беру жүйесі

Бұл - білектілердің емес, біліктілердің айқасы. Шындық сөз бен дәлелді деректердің айнасы.


Алғашқы сөз тартысқа сеп болған орта білім саласындағы өзгерістер. Яғни, мектепке баланы алты жастан беру, сапасынан салмағы ауыр оқулықтар, мұғалімдердің мәртебесі, айфон ұстаған оқушылар, балдық бағалау жүйесі мен Ұлттық бірыңғай тестілеудің тиімділігі.

Жекпе жекке шығатындар - Парламент Мәжілісінің депутаты Жамбыл Ахметбеков пен Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Жаңыл Жонтаева.

16-қазан, 19.10-да «Жекпе-жек». Ринат Думанұлымен.

0
0
897

А.И.Демченкоға қатысты қылмыстық іс бойынша баспасөз хабарламасы

014 жылғы 15 қазандағы Петропавл қалалық сотының үкімімен Анатолий Иванович Демченко ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, 177 бабының 2-бөлігі «а»-тармағы бойынша, алаяқтық жасауға оқталған, яғни адамдар тобының алдын-ала сөз байласуы бойынша бөтен мүлiктi сенiмге қиянат жасау арқылы алу  және ҚР ҚК-нің 325-бабының 2-бөлігі бойынша қолдан жасау, яғни  адамдар тобының алдын-ала сөз байласуы бойынша құқық беретiн ресми құжатты қолдан жасағаны және өткізгені үшін кінәлі деп танылды.

Ссылка на новость

3
0
378