Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Месси спорттық мансабын қай клубта аяқтайды?

Әлемді талантымен мойындатқан аргентиналық сұрмерген Лионель Месси спорттық мансабын қай клубта аяқтауы мүмкін? Бұл сұраққа футболшының әкесі Хорхе Месси мүмкіндігінше жауап беріпті, деп жазады massaget.kz.

Ала допты ұршықа иірген тұлғаның әкесі ұлының агенті (футболшыға өзге клубтың ұсынысы мен ауысуын қадағалайды) қызметін де атқарады. Хорхенің айтуынша, Лионель Месси спорттық мансабын каталондық клубта аяқтамауы бек мүмкін екен.

- Менің ұлым «Барселонаны» жанындай жақсы көреді. Бірақ, өмірде бәрі бір сәтте өзгеріп кетуі мүмкін. Алдын-ала кесіп айтуға болмайды. Ол «Росарио» мен «Ньюэллс Олд Бойз» клубтарын да жақсы көреді. Бәлкім, осы клубтардың бірінде бутсысын шегеге ілер. Бәрін уақыт көрсетеді, — деді Хорхе Месси.

 

Басты сөздер: ӘлемСпорт

АСТАНА. ҚазАқпарат

   
0
0
288

Осы тақырып бойынша

Месси спорттық мансабын қай клубта аяқтайды? - Yvision.kz