Орыстілділерге деген көзқарас өзгеруі тиіс

2009 жылғы санақ бойынша, Қазақстанның 74% мемлекеттік тілді түсінетін, ал 62% қазақ тілін емін-еркін сөйлейтін болған. Статистикалық агенттіктің жасаған сауалнамасы бойынша қазақтардың 98,4% қазақ тілін ауызекі тілде түсінетін, ал 2,3% еркін оқи алатын, 93,2% еркін оқитын және жаза алатын болған. Бұған сенсек, мемлекеттің тілдік көрінісі тұрақты біртілді сипатта болуы керек еді. Алайда бұлай емес екені айдан анық. Онда "Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында" бекітіліп жоспарланғандай 2020 жылға дейін мемлекет халқының 95%-ын қазақ тілінде сөйлетудің еш қажеттілігі жоқ та еді ғой.
Бірақ бұл сандар мен коэффициенттер жалған ғой. Қоғам қайраткері Амангелді Айталының айтуынша, бұл сандардың пайда болуында этнопсихологиялық фактор жатқанын айтады: қазақ тілін білмейтін қазақтар өзінің ана тілін білмегендігіне қысылады, ыңғайсызданады. Сондықтан да білім мен құзыреттілікті тексеріп жатпайтын бұл сауалнамаларға басқаша, өзі қалаған жауаптарды ұсынады. Әрине, мұның астарында да үлкен психологиялық проблемалар жатқаны белгілі. Алайда дәл осы этнопсихологиялық жай-күйдің өзі біраз жайтты аңғарады. Біріншіден, бұл қазақтар өзін қазақ ретінде таниды, тілі қазақ болмаса да, жүрегі – қазақ, екіншіден, дәл осы этнопсихологиялық түйсіну мен қабылдау үлкен бастамаларға бастайды, мәселен, ана тілін үйренуге. Иә, бұл тілді үйренудегі ең үлкен фактор әрі мотив екені белгілі. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)
