Шымкенттегі жарыста солтүстікқазақстандықтар Қазақстан Кубогін жеңіп алды
Шымкентте 11-15 қазан аралығында Қазақстан Кубогі үшін велоспорттан жарыс өтті. Барлық дисциплиналарда солтүстікқазақстандық велоспортшылар үздік болып танылды, деп хабарлайды Қазақстанның велоспорт федерациясынан.
Барлығы жарысқа республиканың 10 аймағынан, Алматы мен Астана қалаларынан 70 спортшы қатысты.
20 шақырымға жеке жарыста Степан Астафьев жеңімпаз атанды, ал 40 шақырым критериумын Тарас Воропаев жеңіп алды.
Виктор Окишев, Олег Земляков, Тарас Воропаев пен Степан Астафьев 40 шақырымдық командалық жарыста үздік атанды. Вадим Галеев 102 шақырымдық топтық жарыста озық шықты.
Басты сөздер: Солтүстік Қазақстан облысы , Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат

