Дания қазақтары туралы не білеміз?
Басқа Еуропа елдеріндегідей, Данияда да қазақ диаспорасы бар. Бес миллионға жуық халқы бар солтүстік Еуропадағы елде қандастарымыздың саны көп емес. «Олардың біздегі қазақтармен салыстырғанда тірліктері тым қауырт көрінді маған. Қандастарымыз ірі корпорацияларда, IT-технология және мейрамхана ісімен айналысады» - дейді Әлия Шәмшиева. Ақтөбеден арнайы барған ол Даниядағы тіршілікті көзбен көріп қайтқан еді. Ендеше жолжазбаны назарларыңызға ұсынамыз. Атажұрттан алыс жатқан жатқан қазақтар бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста. Ұлттық дәстүрді де берік ұстанады. Ана тілге деген құрметі жоғары. Даттар өздері керемет үйлерде тұрады. Мұндай үйлер тым қымбат болғанымен, даттардың оған жағдайы жетеді. Бірақ олардың табысының 40 пайызы осынау үйлердің салығын төлеуге кетеді екен. Бір дат орташа есеппе…

