Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қытайдағы қазақ студенттері бұзылып бітті!

Қытайдағы қазақ студенттері бұзылып бітті!

Мен Қытайда қазақ өлкесінде туып өстім. Бала жасымнан атам мен әжемнің тәрбиесін, әке-шешемнің қамқорлығын көрдім. Қазақ ауылында, қазақы тәрбиеде бойжеттім. Содан шығыр біз үшін қазақ қызының тәрбиесі бөлек, ар-намысы биік. Ауыл мектебін, кейін қаладағы орта мектепті бітіргенше құрбы-құрдастарымның бойынан жаман әдет байқаған емеспін. Жаман әдет- жат қылық.... 2010-жылы Шанхайға оқуға түстім. Хатқа себеп болған уақиға сол Шанхайда басталды ғой.

Мен бұл хатты өзім өмірімде көрмеген, Қазақстандағы бейтаныс бір құрбыма бағыттап жазып отырмын (әрине қазақ қызы) сен өмірде барсың ба, жоқсың ба, оны білмеймін. Тіпті мына жазғанымды оқисың ба, оқымайсың ба, оған да күмәнім бар. Бірақ жадымда жаңғырған намыс пен ішімдегі қынжылыс қолыма қалам алмасқа қоймады. Сенің бейнеңді қиялымда жасап, атыңды Сандуғаш деп ойша қойдым.

 

Сәлем, Сандуғаш!

 

Біз бір-бірімізбен таныс емеспіз. Тіпті өзара түсінісе де алмаймыз. Өйткені мен Қытайда, сен Қазақстанда туған арусың. Менің тілім қазақша шықты, сен орысша сөйлейсің. Мен қазақтың жайлау-қыстауын көрген, аңыз-ертегісін тыңдап өскен қызбын. Ал сен жылдың 4 мезгілінде табаның Алматының асфальтынан басқаға тимеген. Тіпті сен екеуміздің ата-тегіміз, бойымыздағы қанымыз бір болғанымен, айырмашылығымыз жер мен көктей. Маған қазақтың ұл-қызының тәрбиесі, рухани дүниесі қымбат. Ал саған ондай ұғым мүлде таңсық. Мен қазақпын деп мақтана аламын, сен қазақ екеніңе қысылатын сияқтысың. Мен қазақша ойлап, қазақша жазамын. Ал сен орысша ойлап, орысша жазасың. Сонда да мына хатты саған арнаймын.

Әсем шаһар Шанхайда қазақ елінен келген студент жастар өте көп. Өйткені бұл қала Қытай экономикасының алтын қазығы деп аталады. Қала көрікті де сәулетті. Еуропа қалаларынан кем емес. Сондықтан да шетелдіктер ғана емес, шамасы келсе, қытайлықтардың өзі Шанхайда түрғысы келеді. Сол үшін аты шулы шаһарға қазақ жастары үйір. Оқуым ақылы, он жұмыс істеп өзім төлеймін. Бірақ саған арнап жазған бұл хат менің оқуым жайында немесе Қытайдың хикіметті кәрі қаласының шырайы туралы емес. Сандуғаш, бұл саған жазған ішкі қынжылысым мен жанымды өртеген ар-ұждан. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)

 
0
0
424

Осы тақырып бойынша

Қытайдағы қазақ студенттері бұзылып бітті! - Yvision.kz