Мазмұнға өту

Жаңа

«Шабыт — 2014» байқауына өткен 100 ақынмен таныс болыңыз

ХVІІ халықаралық «Шабыт - 2014» шығармашыл жастар фестиваліне 100 ақын іріктелді. Фестивальге Қытай, Моңғолия, Қырғызстан және Қазақстаннан 150 үміткердің шығармалары келіп түсті. Кеше «Үздік әдеби шығарма» аталымы (Поэзия) бойынша қазылар алқасының қатысуымен үміткерлерді іріктеу кезеңі өтті.

Нәтижесінде 100 ақын іріктеуден өтті. Олар:

1. Хамит Есаман

2. Наурыз Саршаев

3. Данияр Әлімқұл

4. Индира Кереева

5. Нұржан Қадырәлі

6. Құндыз Жұбаева

7. Асылбек Жаңбырбай

8. Тұрсынбек Башар

9. Әлімжан Әлішер

10. Нұрлан Иса

11. Әлия Іңкәрбек

12. Шерхан Талап

13. Бекзат Смадияр

14. Дамир Әбенов

15. Айбол Исламғалиев (жалғасы мұнда: mtdi.kz)

0
0
644

«Өрлеу ақпараты» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Бүгін «Өрлеу ақпараты» байқауының инновациялық тақырыптағы үздік журналистік материалдардың авторлары марапатталды. 2010 жылдан бастап өткізіліп келетін «Өрлеу ақпараты» байқауы жайында «Технологиялық даму жөніндегі Ұлттық агенттіктің басқарушы директоры Айтілеу Бауыржан: - Бүгін «Өрлеу ақпараты» журналистердің үздік материалдарының нәтижесін қорытындылап отырмыз. Бұрындары тоғыз номинация бойныша өткізіліп жүрген байқауға биыл өзгерістер еңгізіп журналистерді 21 номинация бойынша марапаттадық. Биыл байқауға барлығы 200-ден аса 2013 жылдың 1 қазаны мен 2014 жылдың 15 қыркүйегі аралығында республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған публикациялар, телевизиялық хабарлар мен сюжеттер, радиобағдарламалар және өзге де материалдар келіп түскен болатын. Жылдан жылға қаты…

0
0
568

Дәрмен ҚҰЗЫКЕЙҰЛЫ, Баян-Өлгей қаласының әкімі: Тіліміздің еркіндігіне Моңғолияның негізгі заңымен кепілдік берілген

– Тағдырдың жазуымен жұмыр жердің әр бұрышына тарыдай шашырап кеткен қазақ халқының бір бөлігі сонау Алтай аймағының Қобда бетін мекен етіп қалды. Мекені бөлек дегенмен, жан-жүрегі «Алаш даласы» деп соғып тұратынҚобда қазақтарының бүгінгі жай-күйі қалай болып жатыр? Әңгімемізді осыдай бастайықшы… – Рас айтасың, қазақ халқының табаны тимеген әлемде жер жоқ шығар, сірә. Бүгінде білесің, қазағымыз әлемнің 44 елінде өмір сүріп жатыр. Соның бір шоғыры – Моңғолияда қалып қойды. Ұзын-саны 160 мыңдай қазақ өмір сүріп жатырмыз. Соның 100 мыңға жуығы Баян-Өлгейде тұрады. Бұл жергілікті халықтың 92 пайызын құрайды. Қалған 60 мыңға жуығы Моңғолияның ішкі өлкелерінде шоғырланып отыр. Бір ғана ел астанасы – Ұланбатырдың өзінде 20 мыңдай қазақ тұрады. Қобда өңірінде тағы 10 мыңнан аса ағайын тұрады. Сон…

0
0
690

Қайрат Нұртас түшкірсе де — хит

Серік Ибрагимов деген жас жігіт орындап жүрген «Вокзалда қауышқан қыз» әнінің не «құдіреті» бар екенін қайдам, кішкентай балаларға дейін: «Жүрдек пойыз кетті, Саған қолым жетті, Өкінбеймін мүлде Мұндай болмас күнде...» деп шырқап жатады. Сол секілді Қайрат Байекенов пен «Формат» тобнының орындауындағы «Махаббат» әні де тыңдарманын өзінің сиқырымен дуалап алғандай әсер береді. Өйткені бұл әндер – «хит». Ал хит әндердің сөзінде мағына бар ма, ұйқасы қандай, музыкасы мен аранжировкасы ше, бұған ешқандай сын жүрмейді. Әдетте біз «қазақ әндерінің сөзі де, өзі де бұзылды, жөні түзу клип жоқ, авторлардың сиқы анау» деп түңіліп жатамыз. Бірақ осындай пікір айтуышалр қазіргі жастардың (25-30 жасқа дейінгі) талғамына қандай әндер сәйкес келетінін білмейтін секілді. Әр заманның өз әншісі болатыны си…

0
0
835

Головкин әлемдегі үздік жеңімпаз боксшылардың бестігіне енді

Головкин әлемдегі үздік жеңімпаз боксшылардың бестігіне енді

Головкин әлемдегі үздік жеңімпаз боксшылар қатарына кірді, деп жазады sports.kz.

Америкалық Bleacher Report басылымы әлемдегі үздік ТОП-12 жеңімпаз боксшыларды жариялады.

Жуырда ғана кәсіби рингте 31-ші рет жеңіске жеткен қазақстандық Геннадий Головкин рейтингте бесінші орынды иеленді.

Тізімді Флойд Мейвезер бастап тұрса, одан әрі Андре Уорд, Роман Гонсалес және Гильермо Ригондо тұр.

   

АСТАНА. ҚазАқпарат

0
0
331

М.Кукушкин әлемнің төртінші ракеткасы С.Вавринканы ұтты

М.Кукушкин әлемнің төртінші ракеткасы С.Вавринканы ұтты
Теннистен Базельде өтіп жатқан халықаралық жарыстың бірінші айналымында қазақстандық Михаил Кукушкин әлемнің төртінші, осы турнирдің үшінші ракеткасы, швейцариялық Станислас Вавринкамен күш сынасты.

Аса тартысты өткен матч 2 сағат 13 минутқа созылып, 6:4, 6:7, 6:3 есебімен әлемдік рейтингте 84-інші орында тұрған М.Кукушкин жеңіске жетті. Кездесу барысында Михаил төрт брейкке қол жеткізіп, өзі доп берген екі геймде есе жіберді.

М.Кукушкин жүлде қоры 1,458 млн. еуродан асатын турнирдің ширек финалына шығу үшін неміс теннисшісі Бенджамин Беккермен кортқа шығады.

 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Елжан Ералы

0
0
213

Ольга Рыпакова өзіне сыйға берілген көлікті спорт кешеніне тарту етті

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Азиада ойындары мен Әлем Чемпионатының жүлдегерлерін, олардың бапкерлерін марапаттады. Жеңіскерлерге әкім грамоталар мен ақшалай сыйлық табыс етті. Салтанатты шара Өскемендегі жеңілатлетикалық кешенде өтті. Алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтарды 17-ші Азиада ойындарында ел намысын қорғап, жүлделі орындарға ие болған 8 спортшы алды. Марапатталған халықаралық спорт шеберлері: Расул Қалиев, Дастан Ықыбаев, Полина Михайлова, Дмитрий Грязнов, Зере Бектасқызы және Алина Белан болғанын айта кетейік. Сонымен қатар, спортшылардың бапкерлеріне де ақшалай сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етілді. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада және Азия ойындарының жеңіскері Ольга Рыпаковаға «Shkoda Rapid» автокөлігінің кілті табыс еті…

0
0
2834

Бокстан Шоқыр Бөлтекұлын еске алуға арналған халықаралық турнир жеңімпаздары анықталды

Ақтауда Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен және «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ, НКОК компаниясының демеушілігімен КСРО спорт шебері, «қазақ боксының атасы» атанған Шоқыр Бөлтекұлын еске алуға арналған VIII халықаралық турнир аяқталды, деп хабарлайды Маңғыстау облысының әкімдігінен. Дәстүрге айналған спорттық сайысқа шаршы алаңда шеберлігін сынасуға еліміздің әр түпкірінен және Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Түрікменстан, Ресей, Украина, Молдова елдерінен 110-ға жуық боксшы келді. Турнирдің ашылу салтанатында сөз сөйлеген облыс әкімі Алик Айдарбаев боксты серік еткен таланттарға сәттілік тіледі. «Бокс — ержүрек және қайратты ерлердің спорты. Бүгінде ҚР-ның спорт шебері, Қазақстан бокс мектебінің негізін қалаушы, Маңғыстау тумасы Шоқыр Бөлтекұлының ізбас…

0
0
363

Ауыр атлетикадан Әлем чемпионатына қатысатын финалдық тізімі анықталды

2014 жылдың 4-16 қарашасы аралығында Алматыда өтетін ауыр атлетикадан Әлем чемпионатына қатысатын атлеттердің финалдық тізімі белгілі болды. Бұл туралы Қазақстанның ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады. Сонымен, әйелдер арасында: 48 келі салмақ категориясында 22 жастағы Маргарита Елисеева; 53 келі салмақ категориясында 21 жастағы Зүлфия Чиншанло; 58 келі салмақ категориясында 21 жастағы Сәуле Сәдуақасова; 63 келі салмақ категориясында 21 жастағы Карина Горичева; 63 келі салмақ категориясында 29 жастағы Майя Манеза; 69 келі салмақ категориясында 21 жастағы Жазира Жаппарқұл; 69 келі салмақ категориясында 27 жастағы Гүлназ Наурызова; 75 келі салмақ категориясында 28 жастағы Светлана Подобедова; 75 келі салмақ категориясында 21 жастағы Анна Нұрмұхамбетова тұғырға шығатын…

0
0
385

Сәкен Майғазиев те «жұлдызшалар» сенің көмегіңе зәру екенін растайды!

Осындай игі істерге бей-жай қарамай, қолдан келгенше көмектесіп, қайырымдылық іс-шараларға атсалысқаныңыз бізге, жалпы «жебеуші періште» атанған елімізге танымал тұлғаларға сенгеніңіз. Казкомның балалар салған суреттерімен әрленген төлем карталарын ашып, сол карталармен сауда-саттық орындарында төлемдерді жүргізсеңіз, бұл сіздің шала туылған сәбилердің сауығып кетуіне қосқан бір үлесіңіз болмақ.

2
0
1074