Мазмұнға өту

Жаңа

«Қаржы, банк жүйесіндегі мемлекеттік тілдің қолданысы және терминологиядағы бірізділік мәселелері» атты республикалық дөңгелек үстел өтті

21-22 қазан күндері Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі бірлесе отырып «Қаржы, банк жүйесіндегі мемлекеттік тілдің қолданысы және терминологиядағы бірізділік мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Шараның негізгі мақсаты – қазақстандықтарды біріктірудің негізгі факторы ретінде мемлекеттік тілді жан-жақты дамыту, қоғамның барлық саласында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесін нығайту және оның Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруда маңызды рөл атқаратын қаржы, банк жүйесіндегі қолданыс аясын өрістету. Аталған іс-шара барысында мемлекеттік тіл, оның ішінде қаржы және банк саласындағы мемлекеттік тілдің қолданысы, тілдік ортаны қалыптастыру, экономика, банк, қаржы саласындағы терминдерді…

0
0
478

Катонқарағай аудандық соты бір күнде сот медиациясын қолдану арқылы 3 азаматтық істі аяқтады

Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай аудандық соты медиация институтын дамыту үшін мақсатты түрде жұмыс жүргізуде. Мемлекет басшысы 2013 жылы қарашада Судьялардың VI съезінде сотқа дейінгі даулар институтын кеңінен енгізу жөнінде тапсырма бергені белгілі.

http://sud.gov.kz/kaz/news/katonkaragay-audandyk-soty-bir-kunde-sot-mediaciyasyn-koldanu-arkyly-3-azamattyk-isti-ayaktady

0
0
369

Андрей уәде етті, Андрей орындады

alt

Алматы қ. Абай даңғылы 34 мекенжайында орналасқан "МБ Моторное бюро" тәуелсіз бағалау компаниясының жіберген қатесі. Институт атынан мекеме директоры Журко Андреймен байланысқа шықтық. Ол кісі дұрыстаймыз деп үзілді-кесілді жауап қайтарды. Алдағы уақытта нәтижесін фотоға түсіріп, сайт оқырмандарына ұсынатын боламыз.

"МБ Моторное бюро" компаниясының тізгінін ұстап отырған Журко Андрей есімді азаматқа алғыс білдіреміз. Қалғандары да ең құрығанда осылай тез қимылдаса, маркермен болсын кеткен қатені жөндеп қойса игі. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)

"Тіл сақшысы" қоғамдық қозғалысы

0
0
302

Қарапайым ережені сақтамаудың салдары қайғылы оқиғаға әкеліп соқтыруда

Қарапайым ережені сақтамаудың салдары қайғылы оқиғаға әкеліп соқтыруда 2014 жылдың 9 айы ішінде 345 темір жол бойында жарақаттану мен жазатайым оқиға тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 63 ке көбейген. Сондай-ақ, өткен жылы поездың қағып кетуі салдарынан 70 адам көз жұмса, биылғы жылы 63 адам мерт болған. Көлік сақшылары қанша дабыл қаққанмен, өкінішке орай бақытсыздық жағдайлар азаймай отыр. Мұндай оқыс оқиғалардың көбі адамдардың өз өмірлері мен денсаулықтарына немқұрайлы қарап, ережелерді дұрыс сақтамағандықтарынан болып жатады. «Жазмыштан озымыш жоқ», дейді халқымыз. Расында маңдайдан жазылғаннан қашып құтылған пенде жоқ. Десе де «Сақтансаң сақтаймын», деген нақылды да бір сәт естен шығармағанымыз абзал-ақ. Мәселен, 2014 жылдың 26 наурызында Булаев станциясында болған сол бір оқ…

0
0
1138

Головкин мен Рубионың жекпе-жегі — жыл телерейтингінде екінші

Карсонда (АҚШ, Калифорния штаты)  НВО телеарнасы арқылы 18 қазанда көрсетілген кездесулердің рейтингі белгілі болды.

Екі жекпе-жектің бірінде  WBA (Super) нұсқасы бойынша жартылай жеңіл салмақта 28 жастағы ямайкалық Николас Уолтерс 31 жастағы филиппиндікті 6 раундта нокаутқа түсіріп, әлем чемпионы атанған еді. Мұны 1,1 миллион адам көрген.

Келесі жекпе-жекте WBA (Super) нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы 32 жастағы қазақстандық Геннадий Головкин екінші раундта мексикалық Марко Антонио Рубионы нокаутқа түсіріп,  чемпиондыққа қоса WBC уақытша белбеуін еншілеген еді. Бұл жекпе-жектің рейтингі 1.3 миллион көрерменді құрады, деп хабарлайды sports.kz.

   
Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
185

«Қазақстан Барысы-2012» жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев «Alem Barysy»-на әзірлігі қандай екенін айтты

Қазақша күрестен «Қазақстан барысы-2012» республикалық турнирінің жеңімпазы, «Еуразия барысы-2013» I халықаралық турнирдің жеңімпазы жамбылдық спортшы Бейбіт Ыстыбаев әлемдік деңгейдегі жарысқа дайындық үстінде. «Көңіл-күйім жақсы. Жерлестерімнің қолдауын сезінемін, тиісті деңгейде дайындалып жатырмын. Әрине, бәрін рингтегі дода шешеді, бірақ мен де соңына дейін тырысамын», — деді Б.Ыстыбаев «Alem Barysy»-на қатысушылар жиналып жатқан Павлодар қаласында. Еске салсақ, 25 қазанда Қазақстанда алғаш рет қазақша күрес бойынша «Alem Barysy» халықаралық турнирі өтеді. Павлодарда 90 келі салмақ санатындағы палуандар сынға түседі, жарысқа әлемнің 30-дан астам елінен спортшылар қатыспақ. Турнирдің жалпы жүлде қоры 150 мың долларды құрайды. Жақында «Alem Barysy» турнирінде Қазақстанның намысын қорға…

0
0
732

Алматыда аралас жекпе-жектен «Дала батырлары» халықаралық турнирі өтеді

Алматыда 2014 жылдың 23 қарашасында аралас жекпе-жек өнері бойынша «Дала батырлары» халықаралық турнирі өтеді. Оған «Alash Pride KZ» (Қазақстан) құрама командасының сайыпқырандарымен қатар, АҚШ, Бразилия, Франция, Литва, Тәжікстан және Ресейден (Грозный, Махачкала, Уфа ққ.) жекпе-жек өнерінің шеберлері келеді, — деп хабарлайды sports.kz сайты. Сайыс бағдарламасы бойынша Ержан Естановтың (лақап аты — «Арлан») дағыстандық «Қара жолбарыс» Расұл Мырзаевпен арада қарымта кездесуі өтеді. Сондай-ақ, әлі жеңіліп көрмеген Қайрат (лақап аты — «Қазақ») Ахметов Францияның жаңадан атағы шығып келе жатқан жұлдызы Селах Элкаспен кездесіп, тұңғыш рет «Alash Pride FC» нұсқасы бойынша Әлем чемпионы атағын сарапқа салады. Ал Қуат Хамитов («Найман») Черногориялық Васо Бакочевичпен («Қояншық») жекпе-жекке шығ…

0
0
1369

Теннис: Базель турнирінде А.Голубев те жеңіске жетті

Бүгін Швейцарияның Базель қаласында теннистен өтіп жатқан халықаралық турнирде қазақстандық Андрей Голубев ресейлік, әлемнің 62-інші ракеткасы Теймураз Габашвилимен шеберлік байқасты.

Бұл кездесуде әлемдік рейтингте 66-орында тұрған Андрей 1 эйс, 3 брейк жасап, 6:3, 6:3 есебімен екі партияда жеңіске жетті.

Екінші айналымда А.Голубев латвиялық Эрнест Гулбис немесе хорват Борна Чоричтің біреуімен кездеседі.

Еске сала кетейік, аталмыш жарыста осының алдында қазақстандық Михаил Кукушкин швейцариялық, дүние жүзінің төртінші ракеткасы Станислас Вавринканы ұтқан болатын. Сөйтіп Базель турнирі қазақстандықтар үшін сәтті басталды.

 
Басты сөздер: Спорт
ОРАЛ. ҚазАқпарат
0
0
200

Ақмолалық Дәурен Назаров қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионы атанды

Ақмолалық Дәурен Назаров қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионы атанды.

«Облыстық ІІД арнайы бөлімшесінде қызмет істейтін полиция лейтенанты Дәурен Назаров 55 салмақта Әлем чемпионы атанды. Турнир қазанның 16-21 күндері Перудің Лима қаласында өтіп, оған 17 елдің спортшысы қатысты», — деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

«Бұл жолғы турнир оңай болған жоқ.  Соған қарамастан, үздіксіз жүргізген жаттығу мен  жеңіске деген ерік-жігер мені чемпиондық атаққа жетеледі. Турнирде Ресей, Колумбия елдерінен келген  қарсыластарым мықты болды. Ең қиын жекпе-жектерім де осылармен өтті», — дейді Әлем чемпионы.

 
Басты сөздер: Ақмола облысыСпорт
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат
0
0
349

«Дипломаттың іскери сөйлеу мәдениеті» атты жаңа оқу құралының тұсаукесері өтеді

 

24 қазан әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология ғылымдарының кандидаты, доцент Сафура Бөрібаеваның «Дипломаттың іскери сөйлеу мәдениеті» атты жаңа оқу құралының тұсаукесері өтеді.
Оқу құралы жоғары оқу орындарындары халықаралық қатынастар факультетінің «Халықаралық қатынастар», «Халықаралық құқық», «Аймақтану» мамандықтары бойынша оқитын студенттерге арналған. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)

0
0
660