Алматыда аралас жекпе-жектен «Дала батырлары» халықаралық турнирі өтеді
Оған «Alash Pride KZ» (Қазақстан) құрама командасының сайыпқырандарымен қатар, АҚШ, Бразилия, Франция, Литва, Тәжікстан және Ресейден (Грозный, Махачкала, Уфа ққ.) жекпе-жек өнерінің шеберлері келеді, — деп хабарлайды sports.kz сайты.
Сайыс бағдарламасы бойынша Ержан Естановтың (лақап аты — «Арлан») дағыстандық «Қара жолбарыс» Расұл Мырзаевпен арада қарымта кездесуі өтеді. Сондай-ақ, әлі жеңіліп көрмеген Қайрат (лақап аты — «Қазақ») Ахметов Францияның жаңадан атағы шығып келе жатқан жұлдызы Селах Элкаспен кездесіп, тұңғыш рет «Alash Pride FC» нұсқасы бойынша Әлем чемпионы атағын сарапқа салады.
Ал Қуат Хамитов («Найман») Черногориялық Васо Бакочевичпен («Қояншық») жекпе-жекке шығады. Қазақстандық жас сайыпқыран Махир Мамедов («Құрыш аяқ») болса, Еуропаның ең үздік жекпе-жек шебері Валера Николаускаспен жұдырықтасады.
КОК нұсқасы ойынша Әлем чемпионы (Беларусь, Минск), Еуропа чемпионы, К-1 ұйымының Гран-при иегері (Польша, Лодзь), К-1 жұлдызы Забит Самедов («Маугли») және әлемдік спорт саласындағы басқа да белгілі тұлғалар турнирдің құрметті қонақтары болады. Турнирдің жүргізушісі белгілі ринг-анонсер, ресейлік Александр Загорский.
Сонымен қатар, аталмыш турнирден «Хабар», «KAZsport», «Алматы» және ресейлік «Боец» телеарналарында және тұңғыш рет YouTube интернет-сервисінде тікелей трансляция жүргізіледі.

