Қарапайым ережені сақтамаудың салдары қайғылы оқиғаға әкеліп соқтыруда
Қарапайым ережені сақтамаудың салдары қайғылы оқиғаға әкеліп соқтыруда 2014 жылдың 9 айы ішінде 345 темір жол бойында жарақаттану мен жазатайым оқиға тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 63 ке көбейген. Сондай-ақ, өткен жылы поездың қағып кетуі салдарынан 70 адам көз жұмса, биылғы жылы 63 адам мерт болған. Көлік сақшылары қанша дабыл қаққанмен, өкінішке орай бақытсыздық жағдайлар азаймай отыр. Мұндай оқыс оқиғалардың көбі адамдардың өз өмірлері мен денсаулықтарына немқұрайлы қарап, ережелерді дұрыс сақтамағандықтарынан болып жатады. «Жазмыштан озымыш жоқ», дейді халқымыз. Расында маңдайдан жазылғаннан қашып құтылған пенде жоқ. Десе де «Сақтансаң сақтаймын», деген нақылды да бір сәт естен шығармағанымыз абзал-ақ. Мәселен, 2014 жылдың 26 наурызында Булаев станциясында болған сол бір оқ…