Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қарапайым ережені сақтамаудың салдары қайғылы оқиғаға әкеліп соқтыруда

Қарапайым ережені сақтамаудың салдары қайғылы оқиғаға әкеліп соқтыруда

2014 жылдың 9 айы ішінде 345 темір жол бойында жарақаттану мен жазатайым оқиға тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 63 ке көбейген. Сондай-ақ, өткен жылы поездың қағып кетуі салдарынан 70 адам көз жұмса, биылғы жылы 63 адам мерт болған.

Көлік сақшылары қанша дабыл қаққанмен, өкінішке орай бақытсыздық жағдайлар азаймай отыр. Мұндай оқыс оқиғалардың көбі адамдардың өз өмірлері мен денсаулықтарына немқұрайлы қарап, ережелерді дұрыс сақтамағандықтарынан болып жатады.

«Жазмыштан озымыш жоқ», дейді халқымыз. Расында маңдайдан жазылғаннан қашып құтылған пенде жоқ. Десе де «Сақтансаң сақтаймын», деген нақылды да бір сәт естен шығармағанымыз абзал-ақ.

Мәселен, 2014 жылдың 26 наурызында Булаев станциясында болған сол бір оқиға әлі күнге дейін көпшіліктің есінде. Ата-анасы үкілеп өсірген С. есімді техникалық колледждің 3-курс студентін жүк поезды қағып кетеді.

Өкінішке орай, аудандық ауруханаға жеткізілгенмен жарақаттың ауырлығынан дәрігерлер қанша тырысқанымен жас қызды ажал аузынан арашалап қала алмады. Ал, 2014 жылы мамыр айында, «Алгабас-Анката» станциясында, 45-50 жастағы Ф. есімді азамат абайсызда поездың астына түсіп мерт болды.

Бұл оқиғалар да темір жол бойында жүріп-тұру ережелерін сақтамағаннан орын алған. Бар екпінімен жүйіткіп келе жатқан поезд дабыл қаққышын іске қосып, тежегішті басып үлгергенмен төтенше жағдайдың алдын-алу мүмкін болмаған.

Келесі бір темір жол бойындағы поездардың тежелуіне себеп болатын жәйт малдардың темір жол бойында жайылуы. Қараусыз қалған малдар теміржол өткелдерінен өтіп, поезд астына түсіп жатады. Нәтижесінде поездардың жүру кестесіне нұқсан келеді, бөгелген уақыт қыруар шығындарға әкеліп соқтырады. Қалаберді мал иесі де материалдық жапа шегеді. Мәселен, биылғы жылы малға қатысты 241 факті тіркелген.

2014 жылы 29 тамыз күні «Астана-Қырқыншы» станциясында «Петропавловск-Алматы-2» бағытындағы поездға «шұғыл тежеу» туралы ақпар келіп түскенмен машинст үлегере алмай жолдағы сиырды қағып кеткен. Салдарынана поезд 14 минут станцияда тоқтап тұрған.

Поездардың бөгелуінің тағы бір себебі, темір жол бойындағы қауіпті аймақтарда балалардың ересектердің бақылауынсыз жүруі. 2013 жылы 29 наурызда кешкі сағат 19.35-те Ақтөбе станциясында теміржол бойында жүрген кәмелет жасына толмаған бір жасөспірім шұғыл тежеу нәтижесінде аман қалды.

Өкінішке орай, көлік нысандарында жарақаттанудың, шұғыл тежеудің алдын алудың негізгі және пәрменді миханизмі ретінде ҚР ӘҚБтК 439-бабы 5-бөлігін (белгіленбеген жерлерде темір жол арқылы өту) қолдану арқылы әкімшілік жазаға тартуға болады. Бұл тек қауіптілігі жоғары аймақта бөтен адамдардың жүруіне болдырмауға ықпал етеді. Алайда, тиісті өту көпірлері мен төсемдері бар ірі станциялардың перрондарында ғана аталған бапты қолдану мүмкін екенін атап өту қажет.

Қалған барлық теміржол төсемінің бойында өткелдер, ескерту белгілері мен дабыл қаққыштар жоқ. Тиісті өткелдердің, ескерту белгілерінің болмауы ең алдымен азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігіне қауіп төндіретін жағадайларға жол береді.

Балалардың қауіптілігі жоғары аймақта жүруінің алдын алу бойынша рейдтік іс-шаралар өткізу кезінде жасөспірімдердің ата-аналары аталған секторда қандай да бір ескерту белгілерінің, төсемдердің, өткелдердің немесе қоршаулардың жоқ екенін айтады.

Кейде темір жол бойына бөгде заттарды қойып кету ойын балаларының қолымен жасалады. Биыл мұндай оқиғалар 10 фактіге өскен. Мәселен, 2013 мамыр айында «Астана-Жезқазған» бағытындағы жүк поезд Оксакаровка станциясына жеткенде жол бойындағы бөгде заттың кесірінен поезды шұғыл тежеуге мәжбүр болған.

Департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі Талғат Өтетілеуовтың айтуынша, азаматтардың өмірі мен денсаулығына нұқсан келтіретін оқиғалардың алдын-алу мақсатында Көліктегі ішкі істер департаменті ұдайы профилактикалық іс-шаралар өткізіп келеді.

Айтылған келеңсіздіктердің салдарын жою үшін ішкі істер органдарының қызметкерлері мектеп оқушыларына, еңбек ұжымдарына, ата-аналар мен мұғалімдерге, колледж студенттеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, акциялар, рейдтік іс-шаралар ұйымдастыруда.

«Тек қана акциялар мен рейдтік іс-шаралар арқылы төтенше жағдайлар мен жазатайым оқиғалардың себептерімен күресу мүмкін емес. Сондықтан бұған баршамыз болып күрескенде ғана орын алған мәселелердің күрмеуін шеше алмақпыз», - дейді Талғат Жүкенұлы.

Демек, әрбір азамат өмірлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заңнамалар мен ережелерді қаперлерінде ұстап, олардың орындалуына өз үлестерін қосуы керек-ақ.

Білімбек Табысқызы,
КІІД баспасөз қызметі

 
0
0
1127

Осы тақырып бойынша

Қарапайым ережені сақтамаудың салдары қайғылы оқиғаға әкеліп соқтыруда - Yvision.kz