Мазмұнға өту

Жаңа

М.Айтжанов — бокстан әлемнің үздік бапкері

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Инчхонда өткен 17-ші Азия ойындарында шәкірттерінің үздік нәтижеге қол жеткізгені үшін «АИБА-ның үздік жыл бапкері — 2014» мәртебелі атағына ие болды. Бұл туралы ҚР Бокс федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады.

Айта кетерлігі, М.Айтжанов өткен жылы да Халықаралық бокс қауымдастығының осы жоғары наградасына ие болған. Ол кезде Қазақстан құрамасы Алматыда өткен бокстан әлем чемпионатында 4 алтын, 2 күміс және 2 қола иеленген еді. Ал биыл бас бапкердің шәкірттері 17-ші Азиада ойындарында 6 алтын, 1 күміс, 1 қола еншіледі.

Отандасымызға АИБА дипломы 24 қарашада Оңтүстік Кореяның Джеджу қаласында табыс етіледі.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
374

ФУТБОЛ: Израильде жанкүйерлер төбелес шығарып, ойын тоқтатылды

Футболдан Израиль премьер-лигасында жанкүйерлер шатақ шығарып, ойын еркісіз тоқтатылды, деп хабарлады ВВС.

Тель-Авивтік «Маккаби» мен «Апоель» арасында жүріп жатқан ойын есебі 1:1 кезінде көрермендерден бір адам стадионға жүгіріп шығып, «Маккаби» ойыншысы Орен Захавиге тап береді. Сол жерде футболшы екеуінің арасында төбелес басталып, күзет қызметі жанкүйерді күшпен алып кеткенімен, рефери Захавиге қызыл карточка белгісін беріп, стадиондағы жағдайды одан әрі ушықтырып жібереді. Осыдан кейін, жанкүйерлер стадионды «басып алып», ойыншылар ойын алаңын тастап шығуға мәжбүр болады.

«бұл футболдың «қар жамылған күні», бұл — ойын емес, бұл- соғыс»,- деп мәлімдеді Апоэль менеджері.

 
Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
242

ФУТБОЛ: Нұрбол Жұмасқалиев Қазақстан Чемпионатының рекордын жаңартты

Қостанайлық «Тобылдың» футболшысы Қазақстан Чемпионатындағы өзінің жеке рекордын жаңартты, деп хабарлайды аталған футбол командасының баспасөз қызметі. Айта кетейік, былтыр Талдықорғанның «Жетісу» командасына қарсы ойында команда капитаны — Жұмасқалиев 148-ші голын салып, елдің жаңа рекордын орнатқан болатын. Осыдан аз ғана уақыт бұрын «Тараз» командасымен кездесуінен кейін оның еншісінде 155 гол болған еді. Жаңа маусымда «Жетісу» командасымен болған матчта ол бұл көрсеткішті өсіріп, өз есебіне 156-шы голды жазды. Осылайша сұрмерген Қазақстан чемпионатында ең көп гол салған ойыншы ретінде көш бастады. Ал одан кейінгі сатыда 147 гол салған Мұрат Тілешев тұр. Қазақстан Чемпионатының үздік сұрмергендері: 1. Нұрбол Жұмасқалиев — 156; 2. Мұрат Тілешев — 147; 3. Олег Литвиненко — 147; 4. Нұркен…

0
0
261

Павлодар қаласында «Жас Барыс» республикалық турнирі өтеді

2014 жылғы 5-7 қараша күндері Павлодар қаласында «Жас Барыс» ІІІ республикалық турнирі өтеді. Бұл туралы ҚР қазақ күресі феерациясынан хабарлады. Бұл жарысқа Қазақстанның 14 облысынан және Алматы, Астана қалаларынан 400-ге жуық жас балуандар қатысады. Іріктеу сындарын әр өңірде облыстық қазақ күресі федерациясы мен жергілікті денешынықтыру және спорт басқармалары өткізді. «Жас Барыс» республикалық турнирінің ақтық сынына қатысушы балалар, жасөспірімдер мен жастар — қалалық және облыстық деңгейде жеңімпаз атанған балуандар. Турнирге қатысушылар жас ерекшеліктері бойынша үш топқа бөлініп өнер көрсетеді: 14-15 жасқа дейінгілер арасында 38, 42, 46, 50, 55, 60, 66, 73 және +73 келі салмақ дәрежелерінде; 16-17 жасқа дейінгілер арасында 46, 51, 57, 64, 72, 81 және +81 келі; 18-19 жасқа дейінгіле…

0
0
343

Данияр Елеусінов «АИБА-ның үздік жыл боксшысы-2014» атағын иеленді

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Данияр Елеусінов «АИБА-ның үздік жыл боксшысы-2014» атағын иеленді. Бұл туралы ҚР Бокс федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады. Есте болса, ұлттық құраманың үздік боксшы Инчхонда өткен XVII жазғы Азия ойындарында барлық қарсыласынан басым түсіп, құрлықтық байрақты бәсекенің бас жүлдесін иеленген еді. Жалпы, бұл Даниярдың осы атаққа екінші мәрте иелік етуі. Өйткені, өткен жылы да ол Алматыда өткен бокстан Әлем чемпионатында алтын медаль иеленіп, АИБА-ның үздік боксшысы атанған болатын. Д.Елеусіновті ұлықтау рәсімі 24 қарашада Оңтүстік Кореяның Джеджу қаласында өтеді. Айта кетейік, Д.Елеусінов 1991 жылдың 13 наурызында Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Ол — Әлем (2013), Азиада (2010, 2014), Азия (2013) чемпионы. Автор: Марлан Жиемба…

0
0
264

«Махаббатым жүрегімде» хикаясын жіберіп алмаңыздар

Ол - Кембридж дипломының иегері, байдың баласы. Ал бойжеткен - қарапайым ауылдың қызы. 12 сериялы лента - жастарға арналған мелодрама. Бірақ авторлар фильмді аңа буын өкілдерінің де қызыға қарайтынына сенімді. Себебі басты негіз болатыны - екі жастың махаббаты мен әкелер мен балалары арасындағы қалыптасқан араздық. Оқиғаны драмаға айналдыруға бір-біріне ғашық қыз бен жігіттің әр түрлі әлеуметтік ортадан шығуы себеп болады. Бас кейіпкер - бақуатты отбасынан, Ұлыбританияда университет бітірген. Оның өз бизнесін ашу үшін идеясы мен жоспары көп. Оның қалаған сүйіктісі - ауылдың қызы, махаббаты реніш пен өкінішке, қайғыға ұласады. Енді әрбір кеште жастардың хикаясын көріп, дарамалық оқиға қалай аяталады деп болжам жасайтын боламыз. «Махаббатым жүрегімде» олар табыса ма, әлде әрқайсысы өмірден…

0
1
1392

Нұрсұлтан Назарбаевқа Дубайда сыйлық тапсырылды

Жаһандық бизнесмендер мен банкирлердің арасында «Исламдық Давос» деп аталып кеткен, көздегендері мен көксегендері - тек алдымен Құдай разылығы үшін деген қағидатқа қаланған үлкен бір форум бар. Бұл форумда арам ақша мен лас кәсіпке немесе қитұрқы пиғыл-ниетке орын жоқ. Бұл - дүниежүзілік Ислам экономикалық форумы. Осы аптада Дубайда форумға мүше мемлекеттердің өкілдері бас қосып, инновациялық серіктестік мәселелерін талқылады. Мәртебелі жиынға біздің Мемлекеттің басшысы Нұрсұлтан Назарбаев та арнайы қатысып, биік мінберден сөз алды: "Жиһандағы Ислам мемлекеттері қоныстанған мекендердің асты - ырғын байлық. Энергетикалық ресурстардың 70 пайызын Ислам елдері бақылайды, деді Президент. Бірақ жаһандық ішкі жалпы өнім көрсеткішінде де, тауар айналымында да үлес мардымсыз. Өйткені, ғылым мен ин…

0
2
623

Қызылордалық полицейлер іздеуде жүрген әккі ұрыны қолға түсірді

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Бөтен мүлік ұрлығының алдын алу жөніндегі 2012-2014 жылдарға арналған бағдарламасы» бекітілген болатын. Осы бағдарлама аясында, пәтер ұрлығының алдын алу мен орын алған пәтер ұрлықтарының ізін суытпай ашу мақсатында қазан айының 21-30 аралығында «Пәтер» жедел профилактикалық шарасы жүргізілді. Қызылорда қаласының ішкі істер басқармасы Ақсай полиция бөлімі және криминалды полиция қызметкерлерінің жүргізген жедел іс-шаралары барысында іздеуде жүрген 37 жастағы Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданының тұрғыны ұсталды. Күдікті азамат Қызылорда қаласы аумағындағы жеке секторлы үйлердің жанында өзін мүгедек адам ретінде көрсете жүріп, қожайындары жоқ деп пайымдаған үйлердің пластикалық терезелерін сындырып кіру арқылы зергерлік бұйымдарын,…

0
0
301

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз ақпараты (Астана қаласы, 2014 жылғы 4 қараша)

Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары сеніп тапсырылған мүлікті иемденгендігі және талан-таражға салғандығы, алдау және сенімге қиянат келтіру арқылы бөтен мүлікті ұрлағандығы, заңсыз жолмен табылған ақша қаражаттарын заңдастырғандығы, банк қаражаттарын заңсыз пайдаланғандығы, өкілеттікті асыра пайдаланғандығы және қылмыстық топқа басшылық еткендігі бойынша (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 176-бабы 3-бөлігінің «б» тармағымен, 176-бабы 3-бөлігінің «а», «б» тармақтары бойынша – 24-бабының 3-бөлігімен, 177-бабы 3-бөлігінің «а», «б» тармақтарымен, 193-бабы 3-бөлігінің «б», «в» тармақтарымен, 220-бабының 1-бөлігімен, 228-бабымен, 235-бабы 3-бөлігімен қарастырылған) кінә тағылып отырған М. Әблязов басшылық жасаған қылмыстық топтың іс-әрекеттерін тергеу үстінде. http://pro…

0
0
302

Ішкі істер департаментінде электрондық құжат айналымы мәселесі сөз болған семинар-кеңес өткізілді

2014 жылдың 03 қарашасында Қызылорда ОІІД-нің кіші мәжіліс залында ішкі істер бөлімшелердің құжат айналымы мен мұрағат ісіне жауапты мамандарына арналған «Іс жүргізу, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі жұмыстарын (ЭҚАБЖ) ұйымдастыру» тақырыбында оқу семинар-кеңесі өткізілді. Семинар-кеңесті Қазақстан Республикасы ІІМ Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы Бахыт Сейілханұлы Өмірсейітов және аталған басқарманың сарапшысы Захара Балтиқызы Құсайнова жүргізіп, облыстық, қалалық және аудандық ішкі істер органдарының жеке құрамы, Төтенше жағдайлар, Қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің қызметкерлері қатыстырылды. Семинар-кеңестің мақсаты – мемлекеттік органдары мамандарының ЭҚАБЖ жүйесінде білімдерін жетілдіру, жеке және з…

0
0
678