Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

М.Айтжанов — бокстан әлемнің үздік бапкері

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Инчхонда өткен 17-ші Азия ойындарында шәкірттерінің үздік нәтижеге қол жеткізгені үшін «АИБА-ның үздік жыл бапкері — 2014» мәртебелі атағына ие болды. Бұл туралы ҚР Бокс федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады.

Айта кетерлігі, М.Айтжанов өткен жылы да Халықаралық бокс қауымдастығының осы жоғары наградасына ие болған. Ол кезде Қазақстан құрамасы Алматыда өткен бокстан әлем чемпионатында 4 алтын, 2 күміс және 2 қола иеленген еді. Ал биыл бас бапкердің шәкірттері 17-ші Азиада ойындарында 6 алтын, 1 күміс, 1 қола еншіледі.

Отандасымызға АИБА дипломы 24 қарашада Оңтүстік Кореяның Джеджу қаласында табыс етіледі.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
 
0
0
359

Осы тақырып бойынша