Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Павлодар қаласында «Жас Барыс» республикалық турнирі өтеді

2014 жылғы 5-7 қараша күндері Павлодар қаласында «Жас Барыс» ІІІ республикалық турнирі өтеді. Бұл туралы ҚР қазақ күресі феерациясынан хабарлады.

Бұл жарысқа Қазақстанның 14 облысынан және Алматы, Астана қалаларынан 400-ге жуық жас балуандар қатысады. Іріктеу сындарын әр өңірде облыстық қазақ күресі федерациясы мен жергілікті денешынықтыру және спорт басқармалары өткізді.

«Жас Барыс» республикалық турнирінің ақтық сынына қатысушы балалар, жасөспірімдер мен жастар — қалалық және облыстық деңгейде жеңімпаз атанған балуандар.

Турнирге қатысушылар жас ерекшеліктері бойынша үш топқа бөлініп өнер көрсетеді: 14-15 жасқа дейінгілер арасында 38, 42, 46, 50, 55, 60, 66, 73 және +73 келі салмақ дәрежелерінде; 16-17 жасқа дейінгілер арасында 46, 51, 57, 64, 72, 81 және +81 келі; 18-19 жасқа дейінгілер арасында 55, 60, 70, 80, 90, +90 келі салмақ санаттарында сайысқа түседі.

«Жас Барыс» турнирі Павлодар қаласындағы «Баянтау» спорт кешенінде өтеді.

Бұл шараны ұйымдастырушылар — ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР қазақ күресі федерациясы, «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры.

 
Басты сөздер: Павлодар облысыСпорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
 
0
0
332

Осы тақырып бойынша