Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ішкі істер департаментінде электрондық құжат айналымы мәселесі сөз болған семинар-кеңес өткізілді

2014 жылдың 03 қарашасында Қызылорда ОІІД-нің кіші мәжіліс залында ішкі істер бөлімшелердің құжат айналымы мен мұрағат ісіне жауапты мамандарына арналған «Іс жүргізу, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі жұмыстарын (ЭҚАБЖ) ұйымдастыру» тақырыбында оқу семинар-кеңесі өткізілді. Семинар-кеңесті Қазақстан Республикасы ІІМ Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы Бахыт Сейілханұлы Өмірсейітов және аталған басқарманың сарапшысы Захара Балтиқызы Құсайнова  жүргізіп, облыстық, қалалық және аудандық ішкі істер органдарының жеке құрамы, Төтенше жағдайлар, Қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің қызметкерлері қатыстырылды.

Семинар-кеңестің мақсаты – мемлекеттік органдары мамандарының ЭҚАБЖ жүйесінде білімдерін жетілдіру, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, тіркеу бойынша заңдылықты қадағалау, автоматтандырылған құжат айналымы жүйесінің сапасын арттыру болып табылады.

Аталған кеңесті Қызылорда ОІІД-і  бастығының орынбасары, полиция полковнигі М.Шохатаев ашып, семинар-кеңестің тақырыбымен, мақсатымен және кеңеске қатысушы қонақтармен таныстырып өтті.

Бұдан кейін сөз тізгінін Бақыт Өмірсейітов алып, жоғарыда аталған құжат айналымының, ведомстволық мұрағаттың жай-күйі, ЭҚАБЖ-мен жұмыс жасаудағы проблемалар туралы баяндап берді.Семинар-кеңеске қатысқан ҚР ІІМ Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының сарапшысы З.Б.Құсайнова электрондық құжат айналым жүйесін қолдану, ұйымдастырушылық-өкімші құжаттардың тіркелуі, ішкі хат алмасуды жүргізу, орындаушылармен уақытылы орындау карточкаларын толтыру, электронды цифрлық қолтаңбамен шығыс құжаттарын жолдау мәселелері жайлы сөз етті.

Семинарда «Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі» туралы, құжаттарды реттеу, істер номенклатурасын құрастыру, құжаттарды тұрақты сақтауға тапсыру және басқа да мәселелер бойынша сұрақтар талқыланды. Семинар-кеңес айтылған мәселелердің жерде қалмай, қаралған мәселелер төңірегінде тиімді жұмыстар атқарылуы керектігі жайлы тұжырым жасалынып, қорытындыланды.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

0
0
664

Осы тақырып бойынша

Ішкі істер департаментінде электрондық құжат айналымы мәселесі сөз болған семинар-кеңес өткізілді - Yvision.kz