Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ФУТБОЛ: Израильде жанкүйерлер төбелес шығарып, ойын тоқтатылды

Футболдан Израиль премьер-лигасында жанкүйерлер шатақ шығарып, ойын еркісіз тоқтатылды, деп хабарлады ВВС.

Тель-Авивтік «Маккаби» мен «Апоель» арасында жүріп жатқан ойын есебі 1:1 кезінде көрермендерден бір адам стадионға жүгіріп шығып, «Маккаби» ойыншысы Орен Захавиге тап береді. Сол жерде футболшы екеуінің арасында төбелес басталып, күзет қызметі жанкүйерді күшпен алып кеткенімен, рефери Захавиге қызыл карточка белгісін беріп, стадиондағы жағдайды одан әрі ушықтырып жібереді. Осыдан кейін, жанкүйерлер стадионды «басып алып», ойыншылар ойын алаңын тастап шығуға мәжбүр болады.

«бұл футболдың «қар жамылған күні», бұл — ойын емес, бұл- соғыс»,- деп мәлімдеді Апоэль менеджері.

 
Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
 
0
0
234

Осы тақырып бойынша

ФУТБОЛ: Израильде жанкүйерлер төбелес шығарып, ойын тоқтатылды - Yvision.kz