Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Нұрсұлтан Назарбаевқа Дубайда сыйлық тапсырылды

Жаһандық бизнесмендер мен банкирлердің арасында «Исламдық Давос» деп аталып кеткен, көздегендері мен көксегендері - тек алдымен Құдай разылығы үшін деген қағидатқа қаланған үлкен бір форум бар. Бұл форумда арам ақша мен лас кәсіпке немесе қитұрқы пиғыл-ниетке орын жоқ. Бұл - дүниежүзілік Ислам экономикалық форумы.

Осы аптада Дубайда форумға мүше мемлекеттердің өкілдері бас қосып, инновациялық серіктестік мәселелерін талқылады. Мәртебелі жиынға біздің Мемлекеттің басшысы Нұрсұлтан Назарбаев та арнайы қатысып, биік мінберден сөз алды:

"Жиһандағы Ислам мемлекеттері қоныстанған мекендердің асты - ырғын байлық. Энергетикалық ресурстардың 70 пайызын Ислам елдері бақылайды, деді Президент. Бірақ жаһандық ішкі жалпы өнім көрсеткішінде де, тауар айналымында да үлес мардымсыз. Өйткені, ғылым мен инновация дендеп енбеген ел өзге игілікке үлес қоспақ түгілі, өзін де жетістіре алмайды".

"Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумы жылына бір өтетін жиын. Қозғайтын тақырыптары алуан, мақсат-мұраттары бір. Мұсылман елдерінің экономикасына ірі шетел инвесторларының капиталын тартуға жәрдемдесу."

"Ал, биылғы тақырып - «Экономикалық өсу жолындағы инновациялық серіктестік» аталды. Есте болса, дәл осы форуымның 7-ші жиыны біздің елімізде өткен еді."

"Қазақстан инвестиция тартуға икемді елге айналғысы келеді. Ал, инвестиция келетін үлкен алаң – Азияның алып нарығы. Құрлықтың осы бөлігіндегі қаржы институттары шариғат шарттарын берік ұстанады."

"Сондықтан, еліміз қаржылық тәртіпті ислам банктерінің шарттарына сәйкестендірмек. Ал, тұтастай алғанда Қазақстан ТМД кеңістігінде Ислам қаржы институттарына сенім артқан ең алғашқы мемлекет."

 

Дубайда Елбасына Халықаралық ислам қаржыландыру жүлдесі тапсырылды. Бұл марапат Нұрсұлтан Назарбаевқа аймақта «Al Hilal Bank»» алғашқы ислам банкін құрғаны үшін беріліп отыр. Номинацияны нақтылай түссек. Қазақ Президенті «Исламдық қаржы бойынша жаһандық көшбасшы» деп танылды.


0
2
617

Осы тақырып бойынша

Нұрсұлтан Назарбаевқа Дубайда сыйлық тапсырылды - Yvision.kz