Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Тілдік үнем заңының ғылымда танылуы мен даму үрдісі


Қазіргі қазақ тіл білімінде тілдің ұлттық сипатын, ұлттық танымның, рухтың тілдегі көріністерін зерттеу бағытындағы еңбектер мол екені баршамызға мәлім. Ал ойлау мен тіл арасындағы байланыстың нәтижесінде туындайтын үнемдеу заңының тілдің жүйесіне, құрылымына және оның әр деңгейіне ықпалы – зерттеуді күтіп тұрған қазақ тіл білімінің маңызды  мәселелерінің бірі. Сонымен қатар үнемдеудің заң ретінде лингвистикалық мәртебесінің нақтыланбауы, тілде лингвистикалық заң, заңдылық, құбылыс ұғымдарының диффинициясы ажыратылмай жарыса қолданылып жүруі де бұл зерттеудің өзектілігін танытады.
Тіл білімінде үнемдеу әр қырынан қарастырылды. Айталық, орыс тіл білімінде Бодуэн де Куртенэ үнемдеуді принцип ретінде қарастырды. Ол сөйлеу кезіндегі ықшамдалудың ыңғайлылыққа, біркелкілікке ұмтылатынын: а) дыбыстық өзгерістердің, ықшамдалулардың күрделіден қарапайымға қарай бейімделуде физиологиялық ерекшеліктің ескерілуін; ә) синтаксистегі сөйлеу кезіндегі ойға қатысты мүшелердің айтылмай, нақтылықтан абстракциялыққа өтуін қадағалауды қажет деп санайды [1,186]. Бодуэн де Куртенэнің ой-пікірлерін Г.Д. Поливанов  әрі қарай дамытып, лексикалық, фонетикалық, грамматикалық, графикалық бөліктердегі фонетикалық, фонациялық ықшамдалуларды зерттеді [2,134].  Б.А. Серебренников, Л.И. Ройзензондар үнемдеудің пайда болуын бұрын фонетика саласында қарастырылып жүрген гаплология, редукция, метатеза секілді құбылыстармен қатар, ассимиляциялық және диссимиляциялық құбылыстардың үнемделуге қатысы бар екенін көрсетеді [3,96 б.]. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)

 
0
0
819

Осы тақырып бойынша

Тілдік үнем заңының ғылымда танылуы мен даму үрдісі - Yvision.kz