Қазақ мемлекеттігінің 550 жылдығы: жауап па, талап па?
![]()
Қазақ мемлекеттілігіне қанша жыл? Орыс тарихынан әріде ме? Осы сұрақтар төңірегіндегі әңгіме ел арасында қызу талқыланды. Әсіресе, «ұлттық партия» мүшелері, яғни журналистер қосыны әлеуметтік желіде біраз жерге апарып тастады. Әдетте елдегі мәселелердің шешілуіне бір ауыз сөзімен ықпал ететін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұл жолы да тысқары қалмады. Президент Астана қаласының активімен кездесуде келесі жылы Қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығын тойлауды ұсынды.
Тарихымыз тым тереңде
«Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрды, қазақ мемлекеттілігінің тарихы сол кезден бастау алады. Бәлкім, ол бүгінгі шекарасындағы, бүкіл әлемге осынша танымал әрі беделді, осы ұғымның қазіргі мағынасындағыдай мемлекет болмаған да шығар. Бірақ бұлай деп сол кезеңдегі басқа да барлық мемлекеттер туралы айтуға болады. Ең маңыздысы, сол кезде оған негіз қаланды, біз бабаларымыздың ұлы істерінің жалғастырушыларымыз. Бүгінде біздің еліміз барлық таяу мемлекеттермен көпғасырлық достық және тату көршілестік дәстүрлерін сақтап отыр. Осы қарым-қатынасты әрдайым сақтағанымыз жөн», - деді Президент.
Елбасының бұл сөзін көпшілік Ресей саясаткерлерінің біз хақында айтқан сөзіне жауап деп білді. Путин: «Қазақтарда ешқашан мемлекет болмаған», - деп қадап айтқан болатын. Қазақ қоғамы бұған біршама шамданып, тулағанымен, биліктен ешқандай реакция байқалмаған еді. Бірақ Елбасы Путинге жауапты осылай бергенді жөн көрген сыңайлы. Мемлекеттілігіміздің тамыры тереңге кететіндігін осылай дәлелдемесек, өзгелердің ақпараттық шабуылына ұшырай беретін түріміз бар. Бұл біздің рухымызды әлсіретіп, ұрпағымыздың намысына тиері анық. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)
