Ағылшын тілін үйреніп жүргендерге таптырмас материял

Тіл мен мәдениет өзара тұтас дүние, ал тілді мәдениетаралық қатысым негізінде оқыту тиімділігі өз бағасын алғалы қашан.
Шет тілінің әрбір сабағы – бұл мәдениеттің тоғысуы, себебі әр шет тіліндегі сөз өзге елдің әлемі мен мәдениеті теңдес.
Қазақстанда шет тілін оқытудың жаңа кезеңі басталғаннан бері, тіл үйретудің мақсат-міндеттерін, құндылығын, жалпы методология мен оқыту технологиясын қайта қарастыру қажеттілігі туындай бастады. Әлеуметтік-тарихи себептердің салдарынан, қоғамның тіл меңгерудегі мотивациясы, бұл пәнге деген қарым-қатынасы түбегейлі өзгерді.
Қазақстанның әлем қауымдастығына енуі, саясат, экономика, мәдениет және ұлттық идеологиядағы үлкен қадамдар – осының бәрі шет тілін оқыту теориясында өзге бір қарбалас кезеңін тудырып, ғылым, мәдениет, техника, бизнестің әртүрлі саладағы мамандары шет тілін, өндірістің құралы ретінде пайдалану үшін, меңгеруге асқан ұмтылыс білдіре бастады. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)
