Мазмұнға өту

Жаңа

Новогодняя ночь на телеканале «Қазақстан»

На национальном канале «Казахстан» в предновогоднюю ночь сойдутся самые яркие звезды отечественного шоу бизнеса. В течение 4 часов до и после полуночи популярные казахстанские ведущие Нурлан Коянбаев, Турсынбек Кабатов и Ляйла Султанкызы вместе со звездами эстрады подарят телезрителям по настоящему праздничное настроение в новогодней шоу программе «Қош келдің, Жаңа жыл!». Кстати, ведущая женского ток-шоу «Әйел бақыты» Л.Султанкызы за 17 лет работы на телевидении впервые предстанет перед телезрителями в амплуа ведущей Новогодней программы. Зрителей национального телеканала ждет огромное количество приятных сюрпризов. Главное новогоднее шоу страны станет своеобразным итогом уходящего года: ведущие остановятся на самых главных событиях 2014 и 2015 годов. В гостях у главного телевидения стран…

0
0
543

Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған іс – шаралар.

Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарамасы «Жастар бастамаларын дамыту орталығы » Тәуелсіздік күніне орай танымды іс – шаралардың өтуіне мұрындық болды. 10 желтоқсаннан бастап жастардың шығармашылығын дамыту үшін шешендік өнердің қыр- сырын білуге арнайы сабақтар өткізілді. «Бүгінгі жастарды не қызықтырады?» тақырыбында дебат өтіп, жастар өз ойларын ашық білдірді. Әлеуметтік суреттердің және жас дизайнерлердің көрмесі болып, сол кеште елбасы жайлы фильм ұсынылды. Мемлекеттің мықты болуы ең бірінші отбасынан басталатындықтан отбасы құндылықтары жайлы тренигөткізілді. Жастар бастамаларын дамыту орталығында Павлодар қаласының тіл орталықтары келіп, жастарды тіл үйренуге шақырды және әр орталық өз жұмыстарын, мақсаттарын айтты. С. Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік…

0
0
1562

Жастар бастамаларын дамыту орталығындағы кездесу.

«Еуразиялық таңдау» I халықаралық форумы көптеген саяси сұрақтар осы жерде талқыланып, шешіледі. Форумның басты мақсаты – Еуразия елдерінің эксперттік және медиялық қоғамдастықтары, ғылыми және іскери топтары арасындағы диалогты ұйымдастыру арқылы еуразиялық интеграцияның ең өзекті мәселелеріне бірлескен конструктивті тәсілдеме жасау. Еуразия елдерінің жас мамандары үшін Еуразиялық экономикалық одақтың нақты және әлеуетті артықшылықтарын анықтау. Еуразиялық экономикалық одақтың медиялық бейнесінің мазмұндық толтырылымы мен ілгері өрлеуін талқылау және осы орайда бірлескен ұсыныстар құрастыру болып табылады. Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармармасының Жастар бастамаларын дамыту орталығына өзге мемлекеттердің депутаттары ат басын бұрды. Жастардың мәселелерін қарасты…

0
0
597

Мәдени серуен: Ә.Қастеевтің музей-үйі

Әбілхан Қастеев. Таныс есім емес пе? Қазақ сурет өнерінің негізін салған, атақты суретші. Биыл 110 жылдық мерейтойы болып өтті. Жиырма екі жасына дейін бай есігінде жалшы болып, кейін Түркісіб теміржолында қара жұмыс істеп, Н.Хлудов пен И.Бродскиден тәлім алған тума талант. Жүз жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті. Алда-жалда Алматы қаласына жолыңыз түсе қалса, «Қазақстан» қонақ үйінің артындағы Бекқожин көшесіндегі суретші ғұмыр кешкен үй, бүгінде музей-үй болып отырған шағын ғана мекемеге соға кетуге кеңес береміз. Ол үйде қазақ көркемсурет өнерінің іргесін қалап, талай тарихи тұлғаларымыз бен жадымызда жаңғырып қалған оқиғаларды кенеп бетіне түсірген суретшінің өмірінің соңғы жылдары өткен. Ал, Әбілхан Қастеевтің өмір жолына үңілсек ол 1904 жылы қазіргі Алматы облысы Жаркент өңірінде д…

1
0
4409

Үкі мен тышқандар. Немесе сарапшы сымақтар

Дала тышқандарының өмірі әдеттегіден тым қиындап кетеді. Жыртқыш аңдар оларды көпте жеп, саны азайып келеді. Сол кезде Тышқандар ормандағы дана Үкіге келіп: - О, Үкі, біздің өміріміз қиындап кетті. Бізді жемейтін жануар жоқ, тоймайды, тыныштық бермейді бізге. Біз осы жағдайдан қалай шығамыз? - деп шағымын айтып, осы мәселеден шығу жолын айтсын деп үлкен сыйақысын береді. Үкі: - Тышқандар, жағдай шынымен қиын екен, маған осыны шешуге бір ай керек. Бір айдан соң келіндер, - деп, жинап берген сыйақысын алып қалады. Бір айдан соң тышқандар шешу жолын білейін деп Үкіге қайтып келеді. Сол кезде Үкі: - Сендер кірпі сияқты болуларың керек. Сендерді жыртқыш аң жейін деп жатқанда тікендеріңді шығарсаңдар, жыртқыш аңдар сендерді тиіспейді, - деп шешімін айтады. Сарапшы Үкінің дана ұсынысына риза бол…

0
0
1607

«Ду-думан» тойына шақырады

Бұл шығарылымда арнайы шақырылған сыншы, танымал әнші Жеңіс Ысқақова ханым өзін қатты күлдірген театрға сыйлық тарту етпек. Тойға жиі шығатын қатысушыларға бұл тақырыпты ашу оңай болған сияқты.


Тұрақты жүргізушілеріміз Жанатбек Бәйтеков пен Айнұр Ілиясова үміткерлердің жағында. Ал қатал әрі сыншы әділ қазылар алқасы театр мүшелерінің қойылымына қандай баға берер екен? Алмат Сақатов қай театрға «3» деген төмен баға қойды? Неліктен?


Жексенбі күні сағат 20.00-де «Хабар» телеарнасы «Ду-думан» тойына шақырады. Құрметті қонағы болыңыздар!

0
1
1045