Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мәдени серуен: Ә.Қастеевтің музей-үйі

Мәдени серуен: Ә.Қастеевтің музей-үйі

Әбілхан Қастеев. Таныс есім емес пе? Қазақ сурет өнерінің негізін салған, атақты суретші. Биыл 110 жылдық мерейтойы болып өтті.

Жиырма екі жасына дейін бай есігінде жалшы болып, кейін Түркісіб теміржолында қара жұмыс істеп, Н.Хлудов пен И.Бродскиден тәлім алған тума талант.

Жүз жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті. Алда-жалда Алматы қаласына жолыңыз түсе қалса, «Қазақстан» қонақ үйінің артындағы Бекқожин көшесіндегі суретші ғұмыр кешкен үй, бүгінде музей-үй болып отырған шағын ғана мекемеге соға кетуге кеңес береміз. Ол үйде қазақ көркемсурет өнерінің іргесін қалап, талай тарихи тұлғаларымыз бен жадымызда жаңғырып қалған оқиғаларды кенеп бетіне түсірген суретшінің өмірінің соңғы жылдары өткен.

Ал, Әбілхан Қастеевтің өмір жолына үңілсек ол 1904 жылы қазіргі Алматы облысы Жаркент өңірінде дүниеге келген. Жоғарыда жазғанымыздай байға жалданып, жалшы болып жұмыс істеген.

Мәдени серуен: Ә.Қастеевтің музей-үйі

Жалшы кезі. Жаркент, 1917 жыл

Кейін Түркісіб темір жолына жұмысқа тұрып, тас пен балшықтан түрлі мүсіндер жасай бастайды. Тас бетіне Лениннің мүсінін қашап салған соң, қабілетін байқаған басшылар оны оқуға жібермек болғанда, көре алмаушылар бай баласы деген бәле жабады. Тегінің тақыр кедей екендігін дәлелдеу үшін оған анықтама қағазды бір жыл күтуіне тура келеді. Кешіктіріп жеткен құжат қолға тиген соң ғана ол оқуға аттанады.

Мәдени серуен: Ә.Қастеевтің музей-үйі

Анықтама қағаз

1929–1936 жылдары Мәскеу көркем сурет студияларында кәсіби суретшілерден сабақ алып, алғашқы еңбектерін сала бастайды. Білімін жетілдіріп келген соң тынымсыз тер төгіп, 1944 жылы Қазақстанның халық суретшісі атағын алады.

1945–1956 жылдары Қазақстан суретшілер одағының басқарма төрағасы болып еңбек етеді. Ол халық өмірінің алуан түрлі қырын бейнелейтін мыңнан астам туындыны дүниеге әкеледі.

Біз бүгін қайталанбас тұлғаның 1958 жылдан бастап, өмірінің соңғы күніне дейін ғұмыр кешкен музей-үйінен жасалған фоторепортажды ұсынбақпыз.

Музей-үйге кірген бетте оң жағыңызға бұрылсаңыз суретшінің әрі жатын әрі жұмыс бөлмесіне тап боласыз. Қарапайым ғана бөлме. Бірақ мұндағы тазалық пен заттардың үйлесім тауып орналасу тәртібі бірден көзге ұрып тұр.

Мәдени серуен: Ә.Қастеевтің музей-үйі

Төрде жатын төсек пен оның қасында қылқалам мен бояулар сосын домбыра орын алған. Таңқаларлығы қақ төрде қазақтың соңғы ханы Кенесарының портреті ілулі тұр. Бұл туындыны 1935 жылы салған екен. Осы жерде кеңес заманында атын атауға тиым салған ханды қайдан білген деген сауал туады. Шамасы, Әбілхан Қастеев тарихқа өте жақын адам болған секілді.

Мәдени серуен: Ә.Қастеевтің музей-үйі

Кенесары бейнесі. 1935 жыл

Мәдени серуен: Ә.Қастеевтің музей-үйі

Кереуеті мен домбыралары

Мәдени серуен: Ә.Қастеевтің музей-үйі

Қылқаламдары мен бояу, туштары

Мәдени серуен: Ә.Қастеевтің музей-үйі

Көзі тірісінде тұтынған ыдыстары және Жамбыл Жабаевтың мүсіншесі

Мәдени серуен: Ә.Қастеевтің музей-үйі

Шабаданы

Мәдени серуен: Ә.Қастеевтің музей-үйі

Шырағдан мен құмыралар

Мәдени серуен: Ә.Қастеевтің музей-үйі

Әйгілі Түркісіб туындысы төрге қойылған. 1969 жыл

Мәдени серуен: Ә.Қастеевтің музей-үйі

Жазу үстелі

Мәдени серуен: Ә.Қастеевтің музей-үйі

Қолшатыры мен құтысы және өзі салған ұлының суреті

Мақаланың толық нұсқасын біздің порталдан оқи аласыздар: http://e-history.kz/kz/publications/view/888

1
0
4391

Осы тақырып бойынша

Мәдени серуен: Ә.Қастеевтің музей-үйі - Yvision.kz