Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Үкі мен тышқандар. Немесе сарапшы сымақтар

Дала тышқандарының өмірі әдеттегіден тым қиындап кетеді. Жыртқыш аңдар оларды көпте жеп, саны азайып келеді.

Сол кезде Тышқандар ормандағы дана Үкіге келіп:

- О, Үкі, біздің өміріміз қиындап кетті. Бізді жемейтін жануар жоқ, тоймайды, тыныштық бермейді бізге. Біз осы жағдайдан қалай шығамыз? - деп шағымын айтып, осы мәселеден шығу жолын айтсын деп үлкен сыйақысын береді.

Үкі:

- Тышқандар, жағдай шынымен қиын екен, маған осыны шешуге бір ай керек. Бір айдан соң келіндер, - деп, жинап берген сыйақысын алып қалады.

Бір айдан соң тышқандар шешу жолын білейін деп Үкіге қайтып келеді. Сол кезде Үкі:

- Сендер кірпі сияқты болуларың керек. Сендерді жыртқыш аң жейін деп жатқанда тікендеріңді шығарсаңдар, жыртқыш аңдар сендерді тиіспейді, - деп шешімін айтады.

Сарапшы Үкінің дана ұсынысына риза болған тышқандар үйіне қайтады. Өйткені сол айтқандай жасасақ "енді аман қаламыз" деп сенеді.

Бір айдан кейін тышқандар Үкіге қайтып келіп, былау дейді:

- Үкі, біз сол баяғыдай, азайып келеміз, жыртқыш аңдар қоймайды. Біз кірпі сияқты тікен шығара алмай жүрміз. Сыйақыңызды бердік қой, соңына дейін көмек беріңіз, - дегенде,

Үкі:

- Мен орындалуына жауап бермейм, тек стратегиясына жауап берем! Ал Стратегия өте мықты, - деп, тышқандарды шығарып салады.

0
0
1597

Осы тақырып бойынша

Үкі мен тышқандар. Немесе сарапшы сымақтар - Yvision.kz