Жастар бастамаларын дамыту орталығындағы кездесу.
«Еуразиялық таңдау» I халықаралық форумы көптеген саяси сұрақтар осы жерде талқыланып, шешіледі. Форумның басты мақсаты – Еуразия елдерінің эксперттік және медиялық қоғамдастықтары, ғылыми және іскери топтары арасындағы диалогты ұйымдастыру арқылы еуразиялық интеграцияның ең өзекті мәселелеріне бірлескен конструктивті тәсілдеме жасау. Еуразия елдерінің жас мамандары үшін Еуразиялық экономикалық одақтың нақты және әлеуетті артықшылықтарын анықтау. Еуразиялық экономикалық одақтың медиялық бейнесінің мазмұндық толтырылымы мен ілгері өрлеуін талқылау және осы орайда бірлескен ұсыныстар құрастыру болып табылады. Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармармасының Жастар бастамаларын дамыту орталығына өзге мемлекеттердің депутаттары ат басын бұрды. Жастардың мәселелерін қарастыратын орталықтың жұмыс- бағдарын көріп, дән риза болды. Алғаш рет өтетін форумда: жетекші саяси қайраткерлер, профилді мемлекеттік институттардың өкілдері, жетекші сарапшылар және қоғамдық бірлестіктер өкілдері, жастар ұйымдарының өкілдері, БАҚ, діни бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар, жастар бірлестіктері, ғылым және білім саласы, бизнес өкілдері қатысады. Ал «Жастар бастамаларын дамыту орталығына» Ресей Федерациясының саясаткері, депутат Вадим Денгин «Жастар өздерін өзі жасау керек деп ойлаймын. Біріншіден жастар мемлекеттен барлық жағдайды талап еткеннен бұрын, өздері еліне пайдасын тигізулері керек деп ойлаймын. Бүгінде адамдардың 60% оқыған мамандықтары бойынша жұмыс істемейді. Сол себепті жастарға айтарым мамандық таңдауда мұқият болу керек. » деп жастар мәселесін көп айтты.Беларусь мемлекетінің келген Георгий Атаманов кеден одағы туралы сөз қозғап, жастар мәселесін айтып « Біз барлығымыз бір – бірімізді жай ғана адам болғандықтан құрметтейік, өмірдің сапасын арттыру үшін діни ағымына қарамай, ұлтына қарамауымыз керек.Біздер саяси байланыста болуымыз қажет» деп айта кетті.
Назгүл РАБИЛОВА

