Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған іс – шаралар.
Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарамасы «Жастар бастамаларын дамыту орталығы » Тәуелсіздік күніне орай танымды іс – шаралардың өтуіне мұрындық болды. 10 желтоқсаннан бастап жастардың шығармашылығын дамыту үшін шешендік өнердің қыр- сырын білуге арнайы сабақтар өткізілді. «Бүгінгі жастарды не қызықтырады?» тақырыбында дебат өтіп, жастар өз ойларын ашық білдірді. Әлеуметтік суреттердің және жас дизайнерлердің көрмесі болып, сол кеште елбасы жайлы фильм ұсынылды. Мемлекеттің мықты болуы ең бірінші отбасынан басталатындықтан отбасы құндылықтары жайлы тренигөткізілді. Жастар бастамаларын дамыту орталығында Павлодар қаласының тіл орталықтары келіп, жастарды тіл үйренуге шақырды және әр орталық өз жұмыстарын, мақсаттарын айтты. С. Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университеті, Павлодар педагогикалық институтының лингвистикалық орталығы және «Anglo terra» , «Лингвей», «GLOBAL ENGLISN» , «Новое поколение» атты тіл орталықтары жұмыс істеп, келген әр жанға көмектесуге әзірміз екенің айтты. Ұйымдастырылған барлық іс – шаралар жастардың толғандырып жүрген барлық мәселелерін шешті деген ойдамыз. Ал барлық іс – шаралардың қорытындысы «Мен елім үшін не істедім?» тақырыбында облыстық форум .Форум барысында Павлодар облысының әкімінің орынбасары Өрсариев Арын Амангелдіұлы «Ауыр жолмен келген тәуелсіздікті сақтау енді біздің қолымызда. Сондықтан әр адам елі үшін адал қызмет атқару керек» деп сөз сөйледі және жыл бойында мемлекеттік жастардың саясатын іске асырып, қаламыздың дамуына үлкен үлесін қосып жүрген белсенді жастарды , ұйымдарды арнайы марапаттау рәсімі болды. "Қазақтелеком" Акционерлік қоғамы , «Трамвай басқармасы» және Павлодар мұнай-химиялық зауыты, «Жас Отан» жастар қанаты, «Еріктілер қозғалысы» , Павлодар география үйі тағы басқа орталықтар аталып, еліміздің дамуына өз үлестерін қосып жүргені айтылды. Жаңа заманда жастарға қойылатын талапта өзгеше.Ол жастардың толық мәнді білімді болуы, әр нәрседе толеранттық таныту, еңбек ету, мемлекетіне адал қызмет атқару ал ең бастысы қиындықпен қол жеткізген егемендігімізді сақтап қалу үлкен міндет. Жас ұрпақ өз елін қастерлеп, елдің дамуына өзіндік бір таңбасын қалдыру қажет деп ойлаймын.
Назгүл РАБИЛОВА

