Үкі мен тышқандар. Немесе сарапшы сымақтар
Дала тышқандарының өмірі әдеттегіден тым қиындап кетеді. Жыртқыш аңдар оларды көпте жеп, саны азайып келеді. Сол кезде Тышқандар ормандағы дана Үкіге келіп: - О, Үкі, біздің өміріміз қиындап кетті. Бізді жемейтін жануар жоқ, тоймайды, тыныштық бермейді бізге. Біз осы жағдайдан қалай шығамыз? - деп шағымын айтып, осы мәселеден шығу жолын айтсын деп үлкен сыйақысын береді. Үкі: - Тышқандар, жағдай шынымен қиын екен, маған осыны шешуге бір ай керек. Бір айдан соң келіндер, - деп, жинап берген сыйақысын алып қалады. Бір айдан соң тышқандар шешу жолын білейін деп Үкіге қайтып келеді. Сол кезде Үкі: - Сендер кірпі сияқты болуларың керек. Сендерді жыртқыш аң жейін деп жатқанда тікендеріңді шығарсаңдар, жыртқыш аңдар сендерді тиіспейді, - деп шешімін айтады. Сарапшы Үкінің дана ұсынысына риза бол…