Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Кассациялық сот алқасының «онлайн» режимінде өткен сот отырысы

Бүгін Солтүстік Қазақстан облыстық сотының тарихында алғаш рет кассациялық сот алқасының отырысында қылмыстық іс бейнеконференц байланыс арқылы қаралды.
Азаматтық өкілдердің шағымы бойынша кассациялық сот алқасына ҚР ҚК 125б. 2б. «в»т., 96б. 2б. «к»т., 58б. 4б. көзделген қылмыстарды жасағаны үшін қатаң режимдегі түзету колониясында жазасын өтеумен 15 (он бес) жыл бас бостандығынан  айыру тағайындалған Т.А.Үмбетовқа, ҚР ҚК 28б. 5б., 125б. 2б. «в»т., 363б., 58б. 3б. жасағаны үшін жалпы режимдегі түзету колониясында жазасын өтеумен әрқайсысына 8 (сегіз) жыл бас бостандығынан  айыру тағайындалған Е.С.Серікбай пен М.К.Алдамасовқа қатысты қылмыстық іс қарау үшін келіп түсті.
Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданы Шуақ ауылында орналасқан «ОВ-156/17 мекемесі» РММ-нде жазасын өтеп жатқан Е.С.Серікбай сот отырысына қатысуға ниет білдірді.
Сотталғанның алыс жерде болғанын есепке ала отыра, оны Солтүстік Қазақстан облыстық сотының кассациялық сот алқасының сот отырысына қатысуын қамтамасыз ету қажет болды.
Осыған байланысты осы қылмыстық істі қарау бойынша кассациялық сот алқасының отырысы «он-лайн» режимінде бейнеконференц байланыс жүйесі арқылы қаралды, бұл үшін Е.С.Серікбай Өскемен қаласының №2 сотының үй-жайына жеткізілді.
Бұл факт облыс соттарының жаңа технологияларды ойдағыдай қолданғанын куә етеді, бұл қаражатты үнемдейді және қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Кассациялық сот алқасының отырысын «он-лайн» режимінде өткізу барлық соттарды бейнеконференц байланыс құрал-жабдықтарымен қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жүйелі қызметінің арқасында, сондай-ақ Өскемен қаласының №2 сотының көрсетілген көмегінің арқасында жүзеге асырылды.
1
0
452

Осы тақырып бойынша

Кассациялық сот алқасының «онлайн» режимінде өткен сот отырысы - Yvision.kz