Ерсін Әміре әлеуметтік желілерде Құранды жатқа білетін қари ретінде танылған
Ерсіннің карилығы туралы әңгіме қозғамас бұрын, Құранды жатқа білетін адамға берілетін бұл атаққа қойылатын талаптарға назар аударайық. Ең алдымен, қари адам ел арасындағы кикілжіңдерге араласпай, өзін олардан алшақ ұстап, Құран үйретумен ғана айналысу керек. Бұл туралы Ан-Науауидің «Әдеб Хамалятиль Құран» атты кітабында айтылған. Қазақстанның қай бұрышында шу шықса, мәртебелі Ерсін Әміренің аты қатар жүретін болды. Хабашиттер сектасымен байланысы, Оқтам Зауырбековпен сөз таластырып, мұсылмандар қауымының екіге бөлінуіне себепкер болуы. Шииттердің араб уағызшыларына жарнама жасауы, Атыраудағы былыққа қатысып, үлкен мінбардан сөйлеген соң, оған көпқұдайшылық пен сектаға қатысы бар деген айыптың тағылуы, Бальхи (ханафит), Дарими, Харауи және т.б. сүннет ғалымдарына күйе жағуы, матруди ғалымы Аяз Ниязимен фитна жасауы. Қайда болса да былық, былық, былық. Соңы не болар екен?
Мемлекетіміз Батыс Қазақстан радикалдарына басу сөз айтсын деп Ерсін Әміреге жауапты істі тапсырып еді, дәстүрлі ислами көзқарас қалыптастырмақ түгілі батыстағы фитнаға май құйып, одан әрі өршітіп, өзі болса қашып кетті...
Түсініксіз іс-әрекеттерден кейін қари атағын беру - дінді мазақ ету, қарапайым халықты жалған атақпен алдап – арбаумен бірдей.
Әміренің қасиетті Құранды жатқа білетініне де күмән келтіріп, тексеру керек деген ойдан да алыс емеспіз. Тым болмаса оның артынан соқыр ергендердің үміті ақталсын!
Сонымен, Әміре қаридың төңірегінде сауық сайран туралы не айтуға болады? Жастардың миын - араларыңда Құранды жатқа білетін адам бар ашытатын көрініс ислам секталарында болғанын бес саусақтай білеміз. Тыңдаушылары сене бастағанда, әсіресе жастар көбейгенде, бет перделерін ашқан Қарилардың шынайы ниет пиғылдарын білгенде кеш болған кездер де аз емес. Әлі күнге шейін бейбіт адамдарға шабуыл жасап, өздерін жарып жіберуге дайын ізбасарлар ұстаздарының ықпалынан ажырай алмай жүр.
Иджаза мен кепілдемелер көмегімен бедел жинау уақыты өтіп кеткен. Бірақ, ауызын ашып аспанға қарап жүргендер мұндай құрыққа ілініп те қалады. Қолдарында бар алтын әшекейлерін (сонымен бірге дін мен жандарын) жатжұрттық жаулап алушыларға түкке тұрғысыз түрлі-түсті шыны бөлшектеріне айырбастайтындарға ұқсайды. Арты не болғаны бәрімізге мәлім.
Шетелге сапар, бала мен кәрі адамдар алдында мақтану үшін иджаза алу, муфтият көмегімен туған жеріңде жақсы жарнама жасау, басыңа тақия кию – секта өкілдерінің бедел жинау принципі еш өзгермеген сияқты. Дінді жоғары бағалайтын, діни ақпараттық шынайылығына назар аудармайтын қоғамда діни көзбояушылар көздегендеріне жетіп жатыр және әлі біраз уақыт жететіндей.
Аш адам тамақты жайнамай жұтатын сияқты Қазақстанның діни сауаты жоқ мұсылмандары «ислам» эмблемасын Құдайдан келген ақиқат деп, ал осы эмблеманы таққандарды Құдайдың әулиесі деп танып жатыр. Өтірік аспаздың қолынан шыққан тамақ улы, әрі зиянды болып келеді. Тіпті соңы өлімге апаруы мүмкін. Көбінесе жаудың аспаздары уды ең дәмді, тәтті тағамға салады. Тек біраз уақыттан кейін ғана жаңағы аш адам дәмді, улы тамақты жегеннен гөрі аштыққа сабыр сақтағаны дұрыс екенін біледі.
Біліктілігін іс жүзінде дәлелдеп бермейінше, диплом мен иджазаның пайдасы аз. Сырты жылтыр, бірақ іші бұлыңғырдың арты жаман болады.
Ғылыми атағы бар хирург әдемі сөйлеп, жалған дипломын аспанға лақтырып мақтанса, бірақ операция жасау білмесе, одан не пайда? Емдеймін деп, олар өлтіруден таймайды. Одан да тәжірибелі, ел қалаған маман артық.
Ерсін Әмірені тыңдайтындардың есіне: Артынан көп адамды ілестіру үшін айлалы іс-әрекет жасаған қаншама көзбояушылар тарихта болған. Жалған жыланмен елді алдаған Фараон жадыгөйлері, өзін пайғамбармын деген Мұсәйлім – Құранға еліктеп өлең шығарған. Муътазилизм негізін салған Уасиль ибн Ато – тақуалық, дүниеден безгендігімен ерекшеленген. Шиит имамдары - шешендігі мен өз ырқына көндіре алатын биік беделімен көзге түскен. Қазіргі сектанттарды алайық. Көз жасын аямай, қолдарын сермеп, сөздерін маржандай тізіп, сезіммен әшекейленген айла-тәсілдеріне назар аудар.
Алла дінінде жүрміз деген әрбір мұсылман мына сұрақтарға жауап беру керек: Оның сектант екені белгілі болған кезде одан бас тартуға дайынсың ба? Әміре көзқарасының дұрыс-бұрысын ажыратпай жатып, оған соқыр ілескен кезде, қалай жанұшырып жарнама жасасаң, тура солай ел алдында Ерсіннің ерсілігінен безіне аласың ба? Ислам жанашырының ащы шындығы мен өтірік «қары» атанып жүрген Ерсіннің тәтті өтірігі. Қайсысын таңдайсың?
