А.В.Ткаченкоға қатысты әкімшілік іс бойынша баспасөз хабарламасы

Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік соты ҚРӘҚБК-нің 467 б. 3 б. бойынша жүргізуші А.В.Ткаченкоға қатысты көлік құралын мас күйінде жүргізген кезде «Рено Логан» автокөлігімен соқтығысып материалдық зиян келтіргені туралы әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қарады.
Қарастыру нәтижесі бойынша А.В. Ткаченкоға көлік құралын жүргізу құқығынан 5 (бес) жыл мерзіміне айыру жазасы белгіленген.
Істі қарастыру барысында қалалық ІІБ ЖППБ штабының бастығы А.В. Ткаченко жеңіл деңгейде мас күйінде бола тұра, медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес «Фольксваген Пассат» автокөлігін жүргізген және Петропавл қаласының Абай-Әуезов көшелерінде қозғалу барысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бекітілген ережелерін, атап айтқанда Жол қозғалысы ережесінің 2.7.1;10.1;9.10 п. бұзып көлік құралын жүргізу кезінде жүргізушіге тұрақты бақылау мүмкіндігін қамтамасыз етуші жол, метеорологиялық жағдай, көлік құралының күйі мен ерекшелігін ескере отырып жылдамдықты таңдамай, алдында келе жатқан көлік құралына дейін керекті қауіпсіздік аралығын ұстай алмай «Рено Логан» автокөлігімен соқтығысып материалдық зиян келтіру арқылы көлік құралының бұзылуына апарып соқты.
Берілген құқық бұзушылық көлік құралын жүргізу құқығынан бес жыл мерзіміне айыру түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартады.
