Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

2015 жылғы 19 қаңтардағы республикадағы тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті 2015 жылғы 19 қаңтардағы республикадағы тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы хабарлайды.

Эпидемиологиялық маусымның басынан (2014 жылғы 1 қазаннан) бері шамамен 261 873 ЖРВИ жағдайы тіркелген, ауырған адамдардың негізгі үлесін (70%) 14 жасқа дейінгі балалар құрайды. Тұмаумен сырқаттану 95 жағдайы тіркелді. 2015 жылғы 19 қаңтарда Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс-Қазақстан, Батыс-Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Манғыстау, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы, Астана қаласында тұмаудың А1, А3 және В вирус айналымы белгіленді.

Тұмауға қарсы республика бойынша барлығы 1 698 354 адам егілді (республика халқының жалпы санының 9,8%), оның ішінде 14 жасқа дейінгі 447 992 бала және 1 250 364 ересек тұрғындар (оның ішінде 161 128 медицина қызметкерлері және 81 263 жүкті әйелдер). Тұмауға қарсы вакцинацияланған адамдар санының өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 20,4%-ке өскені байқалады.

Профилактикалық шаралар. Ұсынымдар тұмау және ЖРВИ-дан жеке және қоғамдық профилактикасы бойынша шараларды қамтиды.

Қазіргі уақытта профилактиканың негізгі әдісі белсенді иммунизация, яғни вакцинациялау немесе спецификалық профилактика болып табылады. Осының арқасында аурудың басталмай жатып-ақ алды алынады. Вакцинацияны күз кезінде өткізген дұрыс, себебі тұмау эпидемиясы қараша мен наурыздың арасында өтеді. Егуден кейінгі антиденелердің жоғары титрі бірнеше ай тұрады сақталады және вакцинациядан кейін 6 айдан соң төмендей бастайды.

Сонымен қатар тұмаудан қорғанудың тағы бір тәсілі бар – спецификалық емес профилактика. Спецификалық емес профилактика организмнің өз қорғаныс күштерін күшейтуге бағытталған және вакцинациямен қатар жүргізілуі мүмкін.

Спецификалық емес қорғау ретінде иммундық түзетуші препараттар (анаферон, интерферон,виферон, интерферон индукторы) вирусқа қарсы жақпамайлар (оксалиндық, антивирт.б.), полидәрумендер қолданылады.

Иммунитетті көтеретін профилактикаға арналған қолжетімді тәсілдер туралы да ұмытпау керек (пияз, сарымсақ, шөптердің, итмұрынның қайнатпалары және басқада кұрамында С дәрумені жоғары, қарақат, ашытқан қырыққабат цитрустартар сияқты) өнімдер.

Организмді шынықтыру керек: тамақты суық сумен шаю, ыстық-суық себізгімен шайыну және бассейн.

Тұмау және ЖРВИ-дың көтерілуі кезінде мыналар ұсынылады:

- денсаулығы нашар адамдармен қарым- қатынаста болмау;

- көп адамдар жиналған жерлерде болуды азайту;

- қолмен ауызды және мұрынды ұстауды азайту;

- инфекцияның ластанған қолмен оңай берілетінін есте сақтау қажет

Арнайы бақылау қолдың күніне 300 ретке дейін мұрын және көз бөлінгілер, сілекеймен жанасатынан көрсетті. Сол себепті қолды әсіресе науқасты күту кезінде немесе ауырған кезде сабынмен, ең дұрысы жие жуу керек.

-  егер отбасында науқас ауру адам бар болса науқаста сау адамдарда медициналық бетперделерді қолдану қажет;

-  үй-жайда үнемі желдетіп отыру керек және барлық беттерді сүртіліп ылғалды жинау керек.

0
0
410

Осы тақырып бойынша

2015 жылғы 19 қаңтардағы республикадағы тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай - Yvision.kz