Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Ақтөбе облысының абоненттері үшін тамаша жаңалық!

Ақтөбе қаласындағы  FTTH желісінің құрылысы мен iD Net бренді бойынша жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамтамасыз ету жоспарына сәйкес, 400-дей көппәтерлі тұрғын үй мен жеке сектордағы 700 тұрғын үй интернетке қосылды. Қазіргі кезде аталмыш қызмет 920 көппәтерлі үй мен 1130 жекеменшік үйдің тұрғындары үшін қолжетімді болып отыр.

Сонымен қатар, мемлекеттік мекемелер, мектептер мен ауруханалар оптикалық талшықпен  қамтамасыз етілуде.

"Қазіргі кезде оптикалық талшық Ақтөбе қаласының 111 әкімшілік ғимараты мен 26 мектебіне енгізілді", - деп хабарлайды Ақтөбе ОТД техникалық директоры Жомарт Қасиманов.

Ақтөбе ОТД-да iD Net-ті пайдаланушылардың жалпы саны 15,5 мыңнан асады. Абоненттер қызметті жекелей де, құрамына iD TV және iD Home қызметтері кіретін iD Home жинағы түрінде де тұтына алады.

 
-1
0
1042