Отандық өндіруші: Сапалы құс етін шығару – басты мақсатымыз (ФОТО)
Қазақстанда қарқынды түрде іске асырылып жатқан Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының екінші бесжылдығы аясында Ақмола облысы, Целиноград ауданының Ақмол ауылында құс етін өндіретін фабрика ашылған. Жылына 20 мың құс етін өндіру қуаты бар нысанды BNews.kz тілшілері аралап қайтты. Индустрияландыру бағдарламасы аясында ашылған жобаның құны – 12 млрд 700 мың теңге. Фабрикада бүгінде 300-ге жуық адам еңбек етеді. Жұмысшылардың дені жергілікті тұрғындар. Сонымен қатар, көршілес жатқан ауылдардың тұрғындары да құс еті өндірісіне тартылып отыр. «Жобаға бағытталған қаржының 3 млрд теңгесі «ҚазАгро» компаниясы арқылы мемлекет тарапынан бөлінген. 7 млрд теңгесі Цесна банктен алынған, содан соң өзіміздің қаражатымызды қостық», - дейді «Capital Projects LTD» бройлер фабрикасының…