Елбасыға «Тур де Франс» бәйгесінде жеңіске жеткен «Астана» велокомандасының жейдесі тарту етілді
АСТАНА. ҚазАқпарат — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» велокомандасының бас менеджері Александр Винокуровты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлайды. Кездесуде велокоманданың қазіргі маусымдағы міндеттері, елдегі велосипед спортының даму перспективалары талқыланды. Мемлекет басшысы Қазақстанда велоспортты дамыту және кеңінен таныту үшін қажетті барлық жағдай жасалып жатқанын айтты. - Астанада мүмкіндіктері жағынан ең үздіктердің бірі саналатын «Сарыарқа» республикалық велотрегі салынды. Жоғары нәтижелер көрсетіп жүрген кәсіби велокоманда құрылды, — деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев өскелең ұрпақты велосипед спортына баулудың маңыздылығын да атап өтті. А.Винокуров команданың табыстары туралы, сонымен қатар Велосипедшілердің халықаралық одағының бастамас…
