Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту орталығы»» МКҚК-де оздырылған дөңгелек үстел

Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу Стратегиясының басым бағыттарын және мақсат-міндеттерін түсіндіру мақсатында 27 қаңтар күні сағат 15.30-да Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту орталығы»» МКҚК-де мемлекеттік қызметке жаңа қабылданған және басшы лауазымына алғаш тағайындалғандардың қатысуымен (40 адам) дөңгелек үстел өткізілді. Күн тәртібінде «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы»-ның мақсаттары мен міндеттері және Қазақстан Республикасының қылмыстық және әкімшілік Кодексіне енгізілген өзгерістер, БҚО-дағы Тәртіптік кеңестің жұмысы, сыбайлас жемқорлықтың тәуекелін анықтау жолдары туралы мәселелер қаралды.
Қатысушылар отырыс барысында Стратегияның бағыттары бойынша қызу пікір-алмасып, жемқорлыққа қарсы актінің маңыздылығы мен оның уақытылы қабылданғандығын айтты.
Дөңгелек үстелді департамент басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңес төрағасы Н.Б.Сүйінбаев пен «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту орталығы»» МКҚКдиректоры Ә.Б.Серғалин қорытындылады.

0
0
734

Осы тақырып бойынша

«Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту орталығы»» МКҚК-де оздырылған дөңгелек үстел - Yvision.kz