ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің алқа отырысында өткен жылы атқарған қызметі қортындыланды
Ауыл шаруашылығы дәнді дақылдарының жалпы егіс көлемі 21,5 млн. га құрады, оның ішінде дәнді дақылдар 15,3 млн. га, сондай-ақ бидай – 12,4 млн. га орналастырылды. Соңғы көрсеткіш 2013 жылмен салыстырғанда 699 мың га кемісе, майлы дақылдар алқабы керісінше артып 2,3 млн. га құрады. 2012 жылы Ауыл шаруашылығы министрлігі, облыстар әкімдіктері, «КазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ және «Казагроинновация» АҚ арасында ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарын әртараптандыру бойынша меморандумдарға қой қойылғандығын еске саламыз. Өткен жылдың қорытындысы бойынша республикада қант қызылшасы мен картопты санамағанда барлық дәнді дақылдар бойынша меморандумдағы индикативті көрсеткіштерге қол жеткізілді. Осылайша, бидайға арналған егіс алқаптары 2,4 млн. га қысқарды. Қабылданған шаралар бида…
