Жұмыстар айқындалды
Ағымдағы жылдың 27 қаңтар күні «Жас Отан» ЖҚ Батыс Қазақстан облысының аймақтық филиалдарының жұмыс отырысы өтті. Отырыстың күн тәртібіндегі алғашқы сұрағы бойынша филиалдың атқарған жұмыстары қортындыланып үздік деп танылғандар марапатталды. Күн тәртібіндегі келесі сұрақ «Жас Отан» Жастар қанатының 2015 жылға арналған жұмыс жоспары талқыға салынып оның жүзеге асу жолдары айқындалды.
Жұмыс отырысынан бөлек аудандық атқарушы хатшыларға арналған әлеуметтік желіде тиімді жұмыс жасау жолдары бойынша семинар-тренниг оздырылды. Сонымен қатар атқарушы хатшылар және белсенді жастар арасында боулингтан жарыс өтті.

