Мода және әдебиет немесе Халің қалай қазақ кинематографы?!
Жиырма бірінші ғасыр! Бұл мода ғасыры... Технология мен идеология әбден қоғамды билеп-төстеп алған заман. Адам баласы ішкі түйсіктен гөрі, сәнмен жүру салтына бағынады. Арты қайырлы болсын... Менімен танысқан адамдар мамандығымды сұрап-білген соң, кітап жайлы һәм әдебиет жайында «терең» «ой» қозғап кететіні қызық; «Ооо, әдебиет пе, йә, мен де әдебиетті қатты жақсы көрем, кітап оқығанды ұнатамын. Әсіресе Пауло Коэльонің кітаптары ғажап классика ғой» деді біріншісі... Жарайды. Екіншісі «Орыс әдебиеті дейсіз бе, ооо, керемет қой! Мен де орыс әдебиетін сүйіп оқимын. Әсіресе Онегиннің романдарын ұнатамын» деді... Жарайды, өзі білсін... Ал үшіншісі келіп «Еее, «Кітап білім бұлағы» деп Абай атамыз бекер айтпаған...» дегеніне енді қалай шыдаймын?! Міне жастар! Жастар еліміздің болашағы деп жатушы…