Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Атырау облысының Жылыой ауданында «Менингококк инфекциясы, менингококкцемия» диагнозымен 2 жағдай тіркелді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті 2015 жылғы 26 қаңтарда Атырау облысының Жылыой ауданындағы Теңіз кен орнының вахталық кентінде «Менингококк инфекциясы, менингококкцемия» диагнозымен 2 жағдай тіркелгенін, оның біреуінің өліммен аяқталғанын хабарлайды.

Эпидемиологиялық тексеру барысында сырқаттанған адамдардың Шығыс Қазақстан облысынан «Имстальком» ЖШС-на жұмысқа тұру үшін келгені анықталды.

Қайтыс болған науқаста аурудың клиникалық белгілері 2015 жылғы 21 қаңтарда  Шығыс Қазақстан облысынан Атырау облысына бара жатқан сапарында пайда болған.

2015 жылғы 22 қаңтарда науқас Теңіз вахталық кентіне келіп,  медициналық көмеккке жүгінбей, өз-өзін емдеумен айналысады.

2015 жылғы 26 қаңтарда жалпы жағдайының ауырланғанына байланысты науқас жедел медициналық көмегін шақырады және ауруханаға жатқызылады. Көрсетілген медициналық көмекке қарамастан, науқас қайтыс болады.

Қайтыс болған адаммен тығыз қарым-қатынаста болған екінші науқас 23  қаңтарда  ауырған және ол да медициналық көмекке 2015 жылғы 26 қаңтарда жүгінген, облыстық инфекциялық ауруханаға жатқызылған. Науқастың жағдайы бір  қалыпты, тиісінше ем қабылдап жатыр.

Эпидемиологиялық тексеру барысында қайтыс болған адаммен тығыз қарым-қатынаста болған тағы да екі адам анықталған (бір бөлмеде тұрған). Жатақханада оларды оқшаулау үшін жағдайдың боомауына байланысты көрсетілген қарым-қатынаста болғандар ТШО  клиникасының оқшаулағышына орналастырылды, профилактикалық ем қабылдап жатыр, шағымдары жоқ.

Жатақхана бойынша қарым-қатынаста болған адамдар (43) медициналық бақылау белгіленді және профилактикалық ем қабылдауда. Эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шаралар жүргізілгеннен кейін аурудың жаңа жағдайлары тіркелген жоқ.

Анықтама үшін:

Менингококк инфекциясы бойынша Қазақтан Республикасындағы эпидемиологиялық ахуал тұрақты. 2014 жылы 119 жағдай тіркелген, бұл 2013 жылы тіркелген сырқаттанушылық деңгейіне сәйкес келеді.  Атырау облысында менингитпен сырқаттанушылық ішінара деңгейде  тіркеледі (2014  жылы - 1 жағдай, 2013  жылы - 1жағдай). Атырау облысы бойынша және республикадағы менингитпен сырқаттанушылық деңгейі көп жылғы бақылау деңгейлерінен аспайды.

Менингококк инфекциясы -  жіті инфекциялық ауру, оның себебі Neisseria meningitidis бактериясы болып табылады. Менингококк инфекциясының ауырлығы назофарингиттен бірер сағаттан кейін өлімге әкеп соқтыратын жіті сепсиске ауысады. Ауру ауа-тамшы  жолымен  беріледі  (жөтелмен, түшкіру, сөйлескен  кезде).

Менингиттің бірінші симптомдары ерекше  емес, қарапайым суық тию симптомдарына ұқсас (дененің қызуы көтерілу, бас ауыру). Аурудың белгілері кеңінен пайда болғанда, медициналық көмекке уақытында жүгінбеген кезінде өлім-жітім 50%-ды құрайды.

Қоршаған адамдар үшін инфекция көзі науқастар немесе симптомдары жоқ тасымалдаушылар болып табылады. Бір науқас адамға 20 мыңға дейін тасымалдаушы бар. Дені сау қоғамда 2-4%-ға дейін тасымалдаушы болуы  мүмкін.

Менингококк инфекциясымен сырқаттанушылық маусымдылығымен сипатталады – сырқаттанушылық көбіне қыста және ерте көктемде жоғары. Бұл осы кезде адамның иммундық жүйесінің көптеген вирустардың есебінен әлсірейтіндігіне байланысты, олар да ЖРВИ, тұмау және тағы  басқалары осы жыл мезгілдерінде қарқындайды.

Көбіне иммундық жүйесі әлі қалыптаспағандығына және мектепке дейінгі мекемелердегі тығыз қарым- қатынаста болатындығына байланысты 5 жастан кіші балалар, сондай-ақ жасөспірімдер  мен жас адамдар ауырады, олардың арасында аурудың дамуына мына факторлар әсер етеді:

- көбіне жабық үй-жайларда жиналу;

- ылғалдылық  және  температуралық  режимнің бұзылуы;

- темекі шегу, ортақ сусындар;

- желдету режимінің сақталмауы.

0
0
396

Осы тақырып бойынша

Атырау облысының Жылыой ауданында «Менингококк инфекциясы, менингококкцемия» диагнозымен 2 жағдай тіркелді - Yvision.kz