Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Кеңес орталығында медицина күні

«Жас Отан» Жастар қанатының Батыс Қазақстан облыстық филиалы Денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен «Мирлан» базарында «Нұр Отан» партиясының "Жастар Отанға" жобасы аясында құрылған  «Кеңес орталығында» 2015 жылдағы алғашқы «Денсаулық күні» акциясын ұйымдастырды.

Акция барысында орталыққа келуші жастар мен қала тұрғындары, базар сатушылары мен қызметкерлері тегін қан қысымын өлшеумен қатар қан құрамын тексерді, тексерудің нәтижесіне қарай дәрігерлік кеңес алумен қатар "Облыстық СПИДке қарсы күрес орталығының" психологы Иванова Ольга Анатольевна психологиялық кеңестерін берді .

2014 жылдың қортындысы бойынша Кеңес орталығында 734 жас пен қала тұрғындары мемлекеттік бағдарламалар, бос жұмыс орындары, медициналық көмек, қол жетімді баспана, кәсіпкерлікпен айналысуға байланысты сұрақтар бойынша кеңестер алды. Бұл жұмыстар ағымдағы жылы өз жалғасын табуда.

                             
12
0
353

Осы тақырып бойынша

Кеңес орталығында медицина күні - Yvision.kz